ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРҒА АТБАСЫН БҰРДЫ

297e2a65-daa9-4085-afb2-05d391e99638.jpg

        Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығының негізінде аудан әкімдері әр ауылдық округте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізу жоспарланған. Бұдан бұрын газет бетінде хабарлағанымыздай, белгіленген кестеге сәйкес осы  аптаның сейсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов Қарой, Көктал ауылдық округтеріне және көкжиде ауылына арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиындар өткізді.

Жиын барысында Азат Үкітайұлы 5 қараша күні өткен аудан әкімін сайлауында өзіне сенім білдірген сайлаушыларға ризашылығын білдіріп, ауданның экономикалық дамуына өзінің бар білімі мен күш - жігерін салып жұмыс жасайтынын жеткізіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Қарой ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары ауылдың тыныс- тіршілігі жайында  әңгіме өрбітіп, көше жарығы, ит-мысықтарды  емдеу және  оларға чип орнату, Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, мектептерге бейнебақылаулар орнатылып, оларды қадағалап отыратын тұрақты маман болса, мал сою алаңының жұмысын аяқтау жайында ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Көктал ауылының тұрғындары аудан басшысына  ауылға балалар ойнайтын саябақ салынса, аграрлы ауданымыздан ет, сүт өнімдерін дайындайтын және тері, жүн өңдейтін тағы да басқа өндіріс орындары ашылса, мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ сынағын облыс немесе аудан орталығынан тапсыратын жағдай жасалса, сондай-ақ сексеуіл отынын алуға рұқсат берілсе, Сүндетбай болыс, Қ.Сәтбаев көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстарын айтты.

Мұнан соң аудан әкімі  Ақкөл ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылына атбасын бұрып, білім шаңырағын аралап, ол жердегі мәселелерге мән беріп, олардың шешілу жолдарын назарға алатынын айтып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізді.

Аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеген ауыл тұрғындары ауылдың болашағы жайында өз ойларын ортаға салып, қоқыс төгетін арнайы белгіленген орын болса, заңсыз аң аулаушыларға қатаң жаза қолданылса деген ұсыныстарын білдірді.

Ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізген аудан әкімі Азат Үкітайұлы ауыл тұрғындарының көтерген барлық өзекті мәселелерін назарға алып, олардың орындалуын өзінің бақылауына алып, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктейтінін жеткізді. Сонымен қатар өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында жоспарлы жұмыстарды атқарып, ауданның экономикасының артуына бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

                                          Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,  «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр