Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі жастарға қолдау көрсету мақсатында сантүрлі іс-шараларға басымдық беріп, осы бағытта көптеген жұмыстардың жүзеге асуына көңіл бөліп келеді. Әсіресе, соңғы жылдары жастардың жан-жақты білім алып, олардың еш кедергісіз жұмысқа орналасуларына және кәсіпкерлікпен айналысуларына мемлекет тарапынан әртүрлі бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асырылуда.
Мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қол-даулардан біздің ауданның да жастары да қалыс қалып жатқан жоқ. Өйткені жыл сайын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген аудан жастары тұрғын үй алу мақсатында жеңілдетілген иесиеге қол жеткізіп, баспаналы болуда.
Аудан жастарына қолдау көрсету мақсатында аудан орталығынан жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылыс жұмыстары бастау алды.
Осы аптада аталмыш ғимараттың құрылыс жұмыс-тарын көзбен көріп қайттық. Біз атбасын бұрған құрылыс нысанында ғимараттың құрылысын бастан аяқ жүргізуді өз жауап-кершіліктеріне алған «Азамат құрлыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің прорабы Бекжан Ізбасар құрыш қолды құрылысшылармен нысанның абаттандыру жұмыстары жайында ақылдасып тұр екен.
Ол жерден аңғарғаным, жастарға қызмет көрсету мақсатында салынып жатқан ғимараттың бүгінгі таңда 60 пайызы жасалыныпты. Өйткені ғимараттың бетон құю, шатырын жабу жұмыстары толық аяқталса, кірпіш қалау жұмыстары қарқынды жүр-гізіліп жатыр.
Кірпіш қалаудың хас шеберлері атанған құрыш қолды құрылысшылар Жәнібек Хурсандов, Оғабек Бойкелдев, Уахит Юлдашев және Әбдіжалау мен Еркін атты ағайынды Омаровтарды сол жерден кездестірдім. Олардың алға қойған бар мақсаттары қолға алған жұмыстарын сапалы әрі дер уақытында аяқтау.
«Азамат құрлыс» жау-апкершілігі шектеулі серіктес-тіктің прорабы Бекжан Ізбасар 2023-2024 жылдарға арналған ауыспалы құрылыс нысанының іргетасы қаланған күннен бері 22 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, барлық құрылысшылар өздерінің істеген жұмыстарына қарай тиесілі жалақысын алғанын әңгіме барысында тілге тиек етті.
Ал 2023 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары аяқталса, ғимараттың есік-терезелерін орнату және сылау тағы басқа да жұмыстар келесі жылы өз жалғасын табатын болды.
Сәні мен сәулеті жарасқан құрылыс нысанының ауласында келешекте жастардың спортпен шұғылдануларына спорт алаңдары жасалынады. Бұл жастардың салауатты өмірге бет бұруларына және аудандық Жастар ресурстық орталығының аудан жастар арасында сантүрлі спорттық жарыстарды өткізулеріне қолайлы жағдай жасалынғанын айшықтап тұрады десек те болады.
Кез келген мемлекет өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Өйткені еліміздің қарыштап дамуы мен гүлденуіне жастардың қосатын үлесі де ауыз толтырып айтарлықтай.
Ендеше ертеңгі елдің болашағы - аудан жастары үшін салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары сапалы болуына тілектес болайық, ағайын дегім келеді!
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».