Алматы облысы, Ұлттық құндылықтар академиясы қо-ғамдық бірлестігінің қолдау-ымен Балқаш аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақдала ауылдық Мәдениет үй-інде «Әке тәрбиесі-тәрбиенің алтын діңгегі» атты аудандық әкелер форумы өткізілді.
Форумның мақсаты: Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу отбасындағы әкелер рөлін, мәртебесін биіктету.
Форумға Алматы облысы, білім басқармасы Педагогикалық шеберлік бөлі-мінің басшысы Сулейменова Қымбат Оспанқызы, Алматы облысы, «Жас Дарын» орталығы басшысының орынбасары Сейілбеков Нұржан Тұрғанбайұлы және Балқаш ауданына қарасты ауыл әкімдері, ақсақалдар алқасының төраға-лары, аудандық білім бөлімі, білім мекемелерінің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары барлық білім мекемелерінің әкелері қатысты.
Форум шымылдығын қазақ халқының жеті қазынасымен таныстырудан бастап, аудан мектептерінің «Әке көрген оқ жонар...» тақырыбындағы әке мен баланың қолөнері және «Әке - асқар тау» тақырыбында сурет көрмесі қойылды.
Ақдала орта мектебінің психологі Ойшиева Әлия Қалкенқызының әкелермен өткізген «Шуақты күн» тренин-гі әкелерге біршама ой салды.
Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қа-рым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос болуы керек. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар. Форумның негізгі бөлімі аудан мектептерінің белсенді, өнегелі әкелеріне берілді. Спикер әкелер әр – түрлі тақырыптардан таныстырылым жасады.
Атап айтатын болсақ Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясынан Тельтаев Азамат Шаймұханбетұлының «Бала тәрбиесінде әке қандай болу керек?», Д.А. Қонаев атындағы орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы Шоңбаев Асқар Жанабайұлының “Бас-ты міндет бала тәрбиесі” атты таныстырылымы, ау-дандық Мәдениет үйінің қызметкері ардақты әке Таңатов Тәкежанның «Әкені қалай таңдайтынын білесіз бе?» атты кеңесі, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінен Байсалбаев Қаржаубай мырза-ның “Әке маңызды тұлға” тақырыбындағы таныстырылымы және ауданымызға өнегесімен үлгі боп жүрген көпбалалы қамқор әке Ақдала орта мектебінің «Ұлағат» әкелер мектебінің төрағасы Дәуітбаев Бақтығали Мейрамбекұлы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбындағы кеңесімен бөлісті. Аталған спикер әкелер отбасылық дәстүрмен, әке мен балалар арасындағы байланысты дұрыс ұйымдастыру жайында тағылымы мол кеңес-термен бөлісті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың 19 қыркүйегіндегі №294 бұйрығы негізіндегі тәрбиенің «Ұлттық мүдде», «Ар-Ұят, «Талап» атты үш құндылығы еніп және білім мекемелерінде әкелер мен аналар «Даналық» мектептері, ата-ананы қолдау орталықтары құрылуда. Осыған орай аудан орталығынан аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында әкелер форумы аясында «Ел тұтқасы» әкелер ұйымын құруға бастама көтеріліп, аудандық білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскері Ахын Сейсеке «Тәрбие–тал бесіктен» атты тақырыпта сөз сөйлеп, әкелер ұйымының алда жасайтын жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Форумда Ақдала орта мектебінің оқушылары Ғалым-ғалиұлы Ербол, Бақтығалиұлы Мадияр, Садық Бейбарыс, Жеңісбек Ақылжан әкелерге жыр арнады.
Саз мектебінің оқытушысы, екі баланың әкесі Жолдас Айбол Ақдала орта мектебінің әке мен балаларымен көрініс көрсетіп, «Ұлыма ақыл» өлеңін айтса, 10 cынып оқушылары Серік Ералы мен Шәріпбай Дамир «Рақмет, әке» әнін әкелер қауымына орындады.
Қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі ерекше болуы тиіс. Жүзінен мейірім төгіліп тұратын, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осындай болса нұр үстіне нұр болар еді. Ерін сыйламайтын әрбір әйел сол отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан ұл мен қыздың болашақ тағдырына кері әсерін тигізіп жатқанын білуі шарт. Сонда ғана қазаққа ғасырлар бойы мүлтіксіз қызмет қылып келген отбасы институты қалпына келеді.
Маңызды тақырыпты қозға-ған форумның қатысушыларға ой тастап, отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше екенін түсіндіре алды деп ойлаймыз. Болашақта осы тақырыпта өтетін шаралар легі көбейеді деп есетпейміз.
Дина Мұхтарқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ақдала ауылы.