АҚДАЛА АУЫЛЫНДАҒЫ САЯБАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

e256a0cc-3ae2-4305-b315-584b42ad0ba0.jpg

Көff6e3158-29b4-48f1-8459-5ce06d82bd3b.jpgктем шығып, күн жылынған сәтте Ақдала ауылдық округінде саябақ құрылысы басталып, ауыл тұрғындарын шексіз қуанышқа бөледі. Жаз бойы тынымсыз жұмыс жасаған «Азамат құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары бүгінгі таңда саябақ құрылысын аяқтап қалды. Ауыл тұрғындарының тағатсыздана күтіп жүрген саябақтың құрылыс жұмыстарын көзбен көру мақсатында осы аптаның жұмасы күні арнайы атбасын бұрып, ол жердегі атқарылып жатқан ауқымды жұмыс жүйесімен жақын танысып қайттық.ff6e3158-29b4-48f1-8459-5ce06d82bd3b.jpg

Қарқынды жасалып жатқан саябақ құрылыс жұмыстары жайында  ақпарат алу үшін алдымен  «Азамат құрылыс»  ЖШС-гі директорының орынбасары Жарқын Бекутовпен телефон арқылы сөйлескенімде ол сол жерде   құрылыс басшысы Нұрғали Сатылғановқа жолығып, қажетті ақпаратты алуыма рұқсат берді. 

          Н.Сатылғановпен  сұхбаттасқанымда ол қараша айының соңына дейін саябақ құрылысын толық аяқтап, халыққа пайдалануға беретіні және жаз айларында бірқатар ауыл азаматтарын әртүрлі жұмыстарға алып, олардың еңбек-ақыларын уақытылы төлеп, ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста болғанын тілге тиек етті.

         Ол жерден аңғарғаным аумағы 0,85 шаршы метр жерді алып жатқан саябақ аумағы толық қорашаланып, шарбақтары боялып, саябақ есігі орнатылыпты. Сонымен қатар жол  тастары төселіп, су құбыры және электр жүйесі толықтай тартылған екен.

         ff6e3158-29b4-48f1-8459-5ce06d82bd3b.jpg

    Өз жұмыстарын тиянақты атқарып жүрген құрылысшылар қатарында ағаш ұстасы Бірлес Өміртаев пен оның көмекшісі Ақдала ауылының тұрғыны Жандос Сайранбекұлы «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген ойменен құрылысқа қажетті ағашты кесіп, оларды өз орнына іріктеп жатыр. Ал саябақ құрылысын жүргізуді өз міндеттеріне алған «Азамат құрылыс» ЖШС-нің құрылыс басшысы Нұрғали Сатылғанов және саябақтың су құбырын жүргізіп, жол тастарын (бурчатка) төсеуде белсенді жұмыс жасаған Мейірбек Жанабилов пен көгалдандыру жұмыстарын ойдағыдай аяқтаған Азамат Тоқымовта сол жерден табыла кетті.

         Нұрғали Сатылғанов әңгіме барысында саябақ ауласына 38 шырша, 45 қарағай қылқан жапырақты ағаштар мен Аққайын, тал шыбықтар жалпы саны 160 түп ағаш  отырғызғанын сондай-ақ 52 түңгі жарық орнатылып, олардың әрқайысына 2 шамнан орнатылғанда 104 шамның түңгі мезгілде іске қосылатын айтты.

         Ақдала ауылының орталы-ғында  тай шаптырым аумақты алып жатқан саябақтың ішіне 8 бірдей демалыс үйшіктері жасалған. Соныман қатар 27 орындықтар орнатылыпты. Олардың 21-і арқа төсегіштері бар екен.

 Ауыл балаларының бос уақ-ытын серуендеп өткізуге ар-налған демалыс орнында түрлі әткеншектер мен спорттық жаттығулар жасайтын дүниелер де баршылық. Үлкендердің де спортпен айналысуына жағдай жасалған.  

         Ең маңыздысы саябақ ішіндегі көгалдандыру жұмыстарына  атқаратын су құбыры ауыл тұрғындарына арналған ауыз су құбырына тәуелді емес. Екі бірдей электр қуатымен іске қосылатын су сорғыш  құрылғылары орнатылған. 

         Ақдалалықтардың бос уақыт-ын өткізіп, балаларын ойнатып, немере-шөберелерін жетектеп жүретін «Ақдала саябағы» іске қосылар күні де алыс емес.

          Болашақта ауыл көркіне ерекше ажар кіргізіп тұратын саябақтың  құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарының көңілін көншітіп, жасалған әрбір дүние сапалы болып, халық игілігіне жарап тұрса одан артық арман барма десеңші?!

Саялы саябақтық құрылыс жұмыстары аяқталып, халыққа пайдалануға берілген күннен бастап, ауыл көркін ажарлы етіп көрсететін демалыс орынын ақдалалықтар күтіп ұстаса нұр үстіне нұр болар еді. Бұлай деп айтудың да өзіндік себеп-салдары бар. Өйткені аудан орталығында салынған осындай дүниелер уақыты жетпестен тозығы жетіп жатқан жайы бар. Ел игілігі үшін жасалған әрбір дүниені күтіп ұстаса сапалы құрылыс заттары ұзақ пайдалануға ыңғайлы болатыны жасырын емес.

 Ақдала ауылының тұрғын-дарының бар армандары да саябақ құрылысына жұмсалған дүниелердің сапалы болып, ойын балаларының демалыс орны болса деген үмітте.

                                                   Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,  «Балқаш өңірі».

 

   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр