Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйым-дастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді.
Бұл жаңашылдық «Азамат-тарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттердің сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарының жиі түсуімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайша, тесті-леудің сапасы ғана емес, қауіп-сіздігі де артады.
Бұл ретте, бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ере-желері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілгенін атап өтеміз. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында жүргі-зуші куәлігін алу процесі ашық әрі әділ өтуде.
Теориялық емтиханды тапсыру кезінде тестілеу барысын аудио және бейнежазбаға түсіру мүмкіндігі жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Биометриялық жеке сәйкестендіру жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабыл-дау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес те жүргі-зіледі.
Сонымен қатар, Мемле-кеттік корпорация бұған дейін емтихан қабылдау бөлмелеріне бейнебақылау енгізген болатын. Бұл ретте кез келген адам күту залдарында да, онлайн режимінде де өтіп жатқан емтиханды көре алады. Көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланып ұсталған клиенттер 3 айға емтихан тапсыру құқығынан айырылғанын айта кеткіміз келеді.
Естеріңізге сала кетсек, емтиханнан өтпеген жағдайда келесі жұмыс күні теорияны қайта тапсыруға болады. Егер, сынақты екі рет теріс нәти-жемен тапсырса, қайта тапсыру тек бір айдан кем емес мерзімде жүзеге асырылады.
Мөлдір АЙДОСҚЫЗЫ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері.