АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ АҢСАҒАН МЕРЕКЕ

DSC_1130.JPG

Мұханғали ҚОЖАБЕКОВ, интернационалист-жауынгер, Балқаш ауданының Құрметті азаматы. DSC_1130.JPGDSC_1130.JPG

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, бұдан кейінгі кезеңде де Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталып, мемлекеттік мереке болып қала береді. Бұл мейрам алдағы уақытта тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтпек. Ал енді қасиетті Тәуелсіздік жолында ақырып теңдік сұраған ондай батырларымыздың аз еместігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болса керек-ті. «Ақтабан шұбырынды мен Алқакөл сұлама» кездерінен бергі тарихты қозғамай қоя тұрғанның өзінде күні кешегі Желтоқсан көтерілісі қаһармандарының өзі не тұрады? Елім деп еңіреген ондай ұлттық батырларымыздың рухтарын асқақтату алдағы күндердің еншісіндегі елеулі міндеттердің қатарына жатады.

Біз қашанда тәуелсіздікті ту етіп, бірлігімізді берік ұстаған халықпыз. Ата-бабамыз ғасырлар бойы азаттықты аңсап, егемендікке жету жолында жанын қиған батыр халықтың ұрпағымыз.

 Ал, Республика күні тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры болмақ.  Мереке құтты болсын, ағайын!

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Данные соцопроса показали какой партии отдают предпочтение казахстанцы на выборах в Курултай
  • Партиям есть за кого бороться: каждый пятый казахстанец еще не определился с фаворитом
  • 22,6% казахстанцев пока думают за кого будут голосовать на выборах в Курултай
  • Большинство граждан считают курс страны верным – результаты социсследования
  • Соцопрос: 75,6% граждан готовы голосовать на выборах в Курултай