БИОКОМПОСТ ҚАРАТОПЫРАҒЫНЫҢ ЕГІСТІККЕ ПАЙДАСЫ


Қазіргі таңда  әлем бойынша экологиялық егіншілік, жер ресурстарын сақтау идеялары өзекті мәселе болып тұр. Дамыған мемлекеттерде табиғи таза өнімдерді өсіру мақсатында топырақты лас-тамау, оның құнарлылығын сақтау арқылы сапалы әрі табиғи тыңайтқыштарды пайдаланады. Ал табиғи жолмен өскен жеміс-жидектер мен көкөністердің  дәмі түрлі химиялық қоспаларды қолдану арқылы өсірілген өнімдерден анағұрлым дәмдірек әрі адам денсаулығына қауіпсіз болады. 

Осындай «ЭКО-ӨНІМ» таза табиғи тыңайтқыш «БИОКОМПОСТ»-қа көкөніс-терді өсіруді қолға алған Ақдала ауылының азаматтары Мархабат Сейткерім мен Жұлдыз Кәтеков  және Бақанас ауылының тұрғыны Тілеген Қанатбек 2022 жылдың наурыз айынан бастап шылаушы өсіруді қолға алған. Олар әлеуметтік желі арқылы «КАЗВЕРМ» корпорациясының төрағасы Пермебек Оразұлымен танысып, іскер азаматтар осыған дейін өңірімізде ешкім айна-лыспаған кәсіпті қолға алуға бел буған. Алғашқыда 3 шаршы метр жерді  құрайтын шылаушын алып өсіре баста-ған. Кейіннен шылаушын өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген іскер азаматтардың шаруашылықтары кеңейіп, бү-гінге таңда 500 шаршы метр жерді құрайды екен.

00374df6-71e6-4e76-926e-680d0820ddb3.jpg


Аталған кәсіп түрімен айналысуды қолға алған азаматтарға өткен аптада арнайы барып,  пікір алмастық.

Қоршаған ортаға пайдасы көп, зияны жоқ кәсіп түрімен айналысатын жігіттердің алдымен шылаушын өсіріп жатқан жерлері Ақдала ауылындағы Жұлдыз Кәтековтың үй ауласына атбасын бұрдық. 

Олар алдымен шылаушындар өсіп жатқан топырақ үйінділерін тұмандатып суару технологиясын қолданып жатқанын көрсетті.   Бұл кәсіпті қолға алудағы басты себеп жайында сұраған сәтте Жұлдыз Шәріпбайұлы шаруашылық жайында кеңінен әңгіме өр-бітті.  Әңгіме барысында ол: «Біз өсіріп жатқан құрт түрі «калифорниялық қызыл құ-рт» деп аталады. Олардың қоректенетін негізгі тағамы - органикалық қалдықтар. Ағаштан түскен жапырақ, төрт түлік малдың қиы олар үшін таптырмас қорек. Ең бастысы бұл қалдықтарды кез-келген жерден тегін алуға болады. Қызыл құрттар осы қалдықтарды жеп, ішінен өңдеп, бізге биологиялық тыңайтқыш жасап береді. Егін шаруашылы-ғымен айналысатын кәсіп-керлер қызыл құрт өндіріп шығарған биологиялық тыңайтқыш-тарды алып қол-данса, егіннің өсуін 3-4 есеге күшейте түседі. Мол түсімді мақсат еткен ди-қандар биотыңайтқышты топырағына сеуіп, әрекет ету керек. Әсіресе бау-бақша өсіруге өте пайдалы.  Қызыл құрттардың арқасында жер құнарланып, өнім молаяды» деп шылаушындарды қай уақытта тамақтандырып,  олардың өңдеген топырақтарын арнайы жасалған құрылғы арқылы електен өткізіп, таза топырақты егістіктерге қалай қолдануға болатынын және  органикалық тыңайтқыштың бағасы литрмен есептелініп сатылатыны жайында түсіндірді.

Кәсіптің жаңа түрін дамытып жүрген іскер азамат мемлекет тарапынан жастарды еңбекке баулу мақсатында үш айлық оқу курсын ашу жоспарда бар екенін, сонымен қатар студенттерге шәкіртақы тағайындалынатынын және оқуға өтініш берген жастарға өзі дәріс беруге дайын тәжірибелі маман екенін айтты.

ba6ec9a1-53c1-471d-a248-6032248fc86a.jpg

Жұлдыз Кәтековтың үй ауласында шылаушын құрттардан басқа бау-бақша өсімдіктері жайқалып өсіп тұр. Ол бау-бақшасын аралатып, өсімдіктердің биокомпост қара-топырағына қалай өскенін көрсетті.  

Мұнан соң аграрлы ауданымызда енді ғана қанат жайған шаруашылықтың егіс алқабына барып, ол жердегі бау-бақша өнімдерін органикалық тыңайтқышпен өсіріліп, тамшылатып суару технологиясын қолданып жатқанын көзбен көрдік.

Егіс алқабындағы өсімдіктермен егжей-тегжейлі таныстырған Мархабат Сейткерімнің айтуынша олар ерте көктемнен бастап, Ақдала ауылдық округіне қарасты егіс алқабынан 11 гектар суармалы жер алып, оның 3 гектарына қарбыз, 3 гектар жеріне қауын түрлерін және 3 гектарына картоп, сондай-ақ 1 гектар жерге асқабақ түрлерін, 2 гектар жерге қызанақ пен қияр өнімдерін егіп, алажаздай төгілген еңбектен жоғары өнім алып отырғаны жөнінде әңгімелеп берді. Бір аңғарғаным, іскер азаматтар балаларына да бау-бақша өсірудің қыр-сырын үйретіп қойыпты. Өйткені егістік алқабында Мархабаттың ұлы Арман Сейткерімде жүрді. Алажаздай қауын-қарбызды баптап, әкесіне қолқанат болған Арман егіс алқаптың қай жерде қандай көкөністер өсіп тұрғанын және қандай қарбыздың пісіп жетілгенін бес саусақтай біліп тұр.

Көпшілік елей бермейтін құрт өсіру кәсібін қолға алған азаматтар алдағы уақытта жылыжай салып, жасыл желекті жайқалтуды жоспарлап жүрген жайлары бар.

Ерте көктемнен кетпен-күрегін қолға алған еңбек адамдары топыраққа дән екпес бұрын оны қопсытып, тың-айтқышпен қоректендіріп, дайындап алары анық. Осылайша, баптап өсірген топырақтан күз айларында мол өнім алады. Ал оған жоғары сапалы орга-никалық тыңайтқыш – биогумусты пайдалану қажет-ақ.

 

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

«Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр