Президент реформасы

5b132997-f823-4311-8f63-d76acb1beb8e.jpg

                                                                                                                          СҰХБАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары әр өңірде жүзеге асуда. Бұл тұрғыда салық саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Осы және басқа да мәселелерді ой елегінен өткізу мақсатында Балқаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Айбол Қыбыраевқа жолығып, сұхбаттасқан едік.

- Айбол Әлмұханбетұлы, өзіңізге белгілі кейінгі жылдары еліміз бойынша Президентіміздің жүргізіп жатқан реформалары қоғамда өз жемістерін беруде. Сол реформалардың қатарына мемлекеттік Кірістер басқармасының жұмыстарын оңтайландыру және халыққа тиімді тұстарын жүзеге асыру сияқты  міндеттер қамтылғаны  белгілі. Осы тұрғыда не айтар едіңіз?

- Жалпыға мәлім, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы №933 «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қайта ұйымдастырылды және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне экономикалық тергеу қызметі қосылды. Осындай ауқымды органдар бір комитет астында қызмет істегеннен кейін де жұмыс көбейіп, талап та жоғарылайды. Дегенмен, Балқаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін жете білгендіктен жұмысымызда жүйелілік бар. 2023 жылдың     І жарты жылдығын жақсы көр-сеткішпен аяқтағанымыздың өзі сөзіме дәлел бола алады.    

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін электрондық тәсіл енгізіліп, нәтижелі жұмыс атқарылуда. Салықтық тексерулерде ашықтық әдісін қолданамыз. Бей-берекет тексерістер жоқ қазір, арыз-шағыммен барып тексеріп, анықтаймыз.

- Ал, осы реформаның ая-сындағы «Банкроттық туралы» заңның аудан көлемінде қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқанына тоқта-ла кетсеңіз?

-  Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органының басты атқаратын міндеттерінің бірі - Жеке тұлғалардың банкроттығы. Салық төлеушілерге осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде  жүргізілуде.

Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оның әр түрлі се-бептері бар: жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу, экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмен-деуі, пандемия және карантиндік шаралардың енгізілуі және т.б. Несие бюросының ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 млн-нан астам азамат коммуналдық және салықтық төлемдер бойынша, несиелерді өтеу мерзімдерін бұзуға жол берген.

Қазақстан Республикасының «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңына сәйкес адал қарыз алушыларға қарыз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін оның негізгі бағыттары белгіленген, қарыздың сомасы мен ұзақтығына байланысты рәсімдердің бірнеше түрі бар.

Бірінші рәсім – төлем қабілет-тілігін қалпына келтіру. Ол тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды төлеуге 5 жылға дейін бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді.

Одан әрі, қалпына келтіру жос-пары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және 5 млн теңгеден асатын берешегі бар кезде сот органдарымен бекітіледі. Ол үшін екі тараптың – борышкер мен кредитордың келісімі қажет.

Екінші рәсім – тұрақты табыс пен берешекті өтеу бойынша перспективалар болмаған жағдайда, банкроттықты екі түрде қолдану ұсынылады. Біріншісі – соттан тыс банкроттық. Оны үш жағ-дайда қолдануға болады: банктер мен микроқаржылық ұйымдар алдында 5 жылдан астам мерзімі өткен азаматтар; қарызы 12 ай ішінде өтелмеген азаматтар, олардың қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек және қарызды өтеуге болатын мүлігі жоқ; сондай-ақ 5 млн теңгеге дейінгі қарызы 6 ай ішінде өтелмеген азаматтар банкроттық рәсімін бастай алады

Соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішті азамат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы береді. Сондай-ақ «Е-салық азамат» қосымшасы арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігіне (мүліктің болмауы, мерзімін өткізіп алу мерзімдеріне сәйкестігі және басқалары) автоматтандырылған тексеру жүргізілетін болады.

Осылайша, соттан тыс банкроттық рәсімі 5 млн теңгеден аспайтын берешек кезінде қолданылатын болады.

1 600 АЕК жоғары немесе 5 млн теңге – осындай қарыз болған жағдайда сот банкроттығы рәсімі қолданылады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылуға жатады.

Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болса, онда кредитор оны сот банкроттығы кезінде ғана алуға құқылы.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылмаса, он-да кредиторлар оған талап қоя алмайды. Қалған өтелмеген сома борышкердің арам пиғыл белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

Алимент және өзге адамның өміріне және денсаулығына келтірілген залал бойынша қарыздар есептен шығарылуға жатпайтынын ескерген жөн.

Банкроттық рәсімінен өткен азаматтар үшін төмендегідей шектеулер қарастырылған:

Банкроттықтан кейін азаматтарға 5 жыл бойы қарыздар, несиелер алуға шектеу ұсынылған. Сонымен қатар банкроттықтан кейін азамат емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды қоспағанда, 3 жыл ішінде елден тыс жерлерге шыға алмайды, азаматтар 7 жылдан кейін ғана бан-кроттықты қайта қолдана алады.

Азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары және әрі қарай қандай қаражат көздері есебінен өмір сүре алатынын ескеруі қажет.

Шектеулерден басқа, қасақана және жалған банкроттық үшін қылмыстық жауапкершілік қарас-тырылған

Алаяқтықтың алдын алу мақсатында қылмыстық жауап-кершілік қарастырылған.

Мысалы, жекелеген азаматтар заңның көмегімен өздерін банкрот деп жариялауды ойластырады, ал іс жүзінде кіріс алып отырады.

 

- Аталмыш заң аясында ауданда неше адам өтініш білдірді және борышкерлерге қаншалықты тиімді болуда?

-Аталған заңның аясында мемлекеттік кірістер бас-қармасымен бүгінгі күнге жеке тұлғалардан соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін барлығы -106 өтініш келіп түсті, оның ішінде 22 өтініш қабылданып, қаралу үстінде, ал 84 өтініш бойынша, олардың аталған заңмен бекітілген соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудың талаптарына сай келмеуіне байланысты  қарауға қабылданбай, өтініш иелеріне кері қайтарылды.

Борышкерлерге қаншалықты тиімділігі мәселесіне келетін болсақ, ол жағдай уақыттың еншісінде.   Жалпы, қаржы сарапшыларының пікірінше, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға қарыз жүктемесінен арылуға және белсенді экономикалық қызметті бастауға мүмкіндік береді. Азаматтарды адал еңбекпен кәсіп жасауға, қаржылық сауаттылықтарын көтеруге ынталандырады деген үміттеміз.

- Жүргізіліп жатқан реформалар туралы өзіндік пікі-ріңізбен алда қамтылуға тиіс дүниелерді осы саланың маманы ретінде айта аласыз ба?

- Ия, реформалардың ең тиімді тұстары халыққа және бизнес-қоғамдастыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну тиімділігін арттыру, мемлекеттік кірістер органдарында қызмет көрсету жеделдігі мен сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді төмендету.    Мемлекет үшін артықшылықтар. Мемлекеттік ведомстволардың өзара іс-қимылының жеделдігі және тиімділігін арттыру. Бюджетті басқару бойынша барлық ілеспе процестер электрондық форматқа ауыстырылды, орталықтандырылып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды неғұрлым тиімді етті. Мемлекеттік кірістер орган-дарының бизнес-процестерін оңтайландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; электрондық түрде, оның ішінде "электрондық үкімет" порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін интеграцияланған ақпараттық жүйе (ХҚКО ИАЖ) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту, сондай-ақ негізгі арналуы са-лықтар мен алымдардың тұрақты түсуін қамтамасыз ету, жосықсыз салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруына байланысты ысырапты қысқарту, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормалары мен ережелерін «автоматтандыру» үшін Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасының сақталуын бақы-лаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру болып табылады.

- Әңгімеңізге рахмет!

 Сұхбатты жүргізген:

Күмісбек ЕРБАЕВ,

«Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр