ТҰРМЫС САПАМЫЗҒА КӨҢІЛ БӨЛІНДІ

апай1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді-тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде  300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр.

«Ұлттық қор-балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасына табады»,-деді Тоқаев өз Жолдауында.

Жамал САЛИМОВА, бастауыш сынып мұғалімі, Аналар кеңесінің төрайымы.

Балатопар ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Первые партийные списки на выборы в Курултай
  • Что предлагают партии?
  • Данные соцопроса показали какой партии отдают предпочтение казахстанцы на выборах в Курултай
  • Партиям есть за кого бороться: каждый пятый казахстанец еще не определился с фаворитом
  • 22,6% казахстанцев пока думают за кого будут голосовать на выборах в Курултай