ТОПАР ӨЗЕНІНЕ СУ ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

dbeeee60-1708-4c3f-a0fd-df9f1380e240.jpg

dbeeee60-1708-4c3f-a0fd-df9f1380e240.jpg

Осы аптада аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов Балатопар ауылына арнайы барып, ауыл қарияларымен кездесіп, Топар өзеніне су шығару мәселесін талқылады. Алдын ала өзеннің барлық арналарын фото суретке түсіріп алған Азат Үкітайұлы ауыл тұрғындарына су арнасын шалаң басып, қамыс буып тұрған жерлерін көрсетіп, ол жерлерге тазалау жұмыстарын жасау жөнінде пікір алмасты. Өз ойларын ортаға салған балатопарлықтар өзен арнасын тазалау үшін қандай амалдар жасау қажеттігі туралы әңгіме өрбітті.

Балатопарлықтардың өзекті мәселесін біржақты етуге білек сыбана кіріскен аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов мемлекет тарапынан үстіміздегі жылы Топар-1 өзенінің 8,8 шақырымын және Топар-2 өзенінің 4 шақырымын механикалық тазалау жұмыстарының  жос-парланғанын және келесі жылы Топар өзенінің бойына су ағысын ретке келтіретін бұрандалы бөгет орнату үшін және өзен сағасының  14-15 шақырымын механикалық тазарту жұмыстарына қажетті қаражат бөліну үшін сметалық құжаттама әзірлеп жатқанын, сонымен қатар бүгінгі таңда Қапшағай су қоймасынан Іле өзеніне секундына  600 текше метрден астам судың жіберілгенін түсіндірді.

Мұнан соң Азат Үкітайұлы Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе ауылына атбасын бұрып, ауыл ішімен ағып жатқан Топар-2 өзеннің су деңгейіне назар аударды. Өйткені 4 шақырым тазалау   жұмыстары осы өзен бойында жүргізіледі.

Сонымен қатар Аралтөбе орта мектебіне барып, білім шаңырағының жаңа оқу жылыына дайындық жұмыстарымен  танысып шықты. 

«Сулы жер, нулы жер» дейді дана халқымыз. Өйткені су тіршіліктің нәрі. Өзен-көлдердің су деңгейі төмендеуінің салдарынан  жағалаулардағы өсімдіктердің жайқалып өсуіне кері әсерін тигізетіні баршаңызға белгілі.

Жетісудың бір тармағы  айдынды Балқаш көліне барып құйылатын Іле өзенінен бірнеше өзендер бөлініп ағады. Соның бірі - Топар өзені. Биылғы жылы ауданымыздың күре тамыры Іле өзенінің су деңгейіне шалқып тасып жатпаса да, жылдағыға қарағанда ауыз толтырып айтарлықтай ағысы қарқынды. Ал Топар өзеніне су шығару бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр.

Топар өзенін суландыру мәселесі көтеріле қалса әркім әртүрлі деректерді келтіреді. Көне көз қариялардың айтуынша Топар өзеніне су шығу үшін алдымен «Орлов» су жүйесі яғни «Бес көл» арналары суға толу керек. Алайда Топар өзенінің арнасы суға толып ақпаса, Балатопар ауылының шұрайлы жерлерінде өсіп тұрған шүйгін шөптердің қайтадан жайқалып кетуі екі талай.

 

Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр