ЖИЫНДА ТҰРҒЫНДАР БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРДІ

76d5e016-040b-40ff-a5ef-485b38cfd3ca.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығының негізінде аудан әкімдері әр ауылдық округте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізу жоспарланған.

Бұдан бұрын газет бетінде хабарлағанымыздай, белгіленген кестеге сәйкес осы  аптаның сейсенбісі күні аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов Топар, Желтораңғы және Ақжар ауылдық округтеріне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиындарын өткізді.

Сонымен қатар бұл кездесу жиындарға аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық  мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, сондай-ақ бірқатар аудандық мекеме-ұйымдардың басшылары сапарлас болды.

Кездесу жиын барысында Азат Үкітайұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс-тарға қысқаша тоқталып өтті.

Топар ауылдық округінде өткен кездесу жиында ауыл тұрғындары ауылдың тыныс-тіршілігі туралы өзекті мәсе-лелерді ортаға салып, ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалса, балалар ойнайтын сая-бақ салынса, сонымен қатар  К.Оңғарбаев, Б.Момышұлы жә-не И.Түркіменов көшелеріне тас жолдар төселсе деген ұсын-ыстарын іркіп қалмады.

Желтораңғы ауылында өт-кен кездесу жиын барысында ауыл тұрғындары денсаулық саласы бойынша мәселелерді ортаға салып, Б.Бигелдіұлы көшесінің тас жолын кеңейтіп, жаяу жүргіншілерге арналған  жол салынса және Қ.Шағырұлы көшесіндегі тас жолды көше соңына дейін ұзартып жасаса деген ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Мұнан соң кездесу жиын Ақжар ауылдық округінде өз жалғасын тапты.

Жиында ауыл тұрғындары мал өсірумен айналысып отырған шаруа қожалықтарына қажетті қысқы мал азығы және ауыл көшесіне жарық жүйесін жүргізу, сондай-ақ ауылдағы ФАП ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсыныстарын жеткізді.

Жоғарыда аталған ауыл-дарға барып кездесу жиындарын өткізген аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Үкітайұлы ауыл тұр-ғындарының көтерген барлық өзекті мәселелерін назарға алып, олардың алдағы уақытта орындалуын өз бақылауына алатынын айтты. Осында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер аяқсыз қалмайтынын тілге тиек етті.

Әрбір ауыл азаматтары өздерінің кіндік қаны тамған туған жерлерін жұмақтың төріне балайды. Бұл  өздерінің ауылдарына деген ерекше құрметтің бір белгісі.

Ал сәні мен сәулеті жарасып тұрған қалалардың күретамыры қасиетті  құт мекен ауылдардан басталады. Сондықтанда ауылдардың гүлденуіне біркісідей атсалысайық, ағайын!  

                                      Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,  «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр