Әлеуметтік желі жеке және төлем деректерін ұрлау тәсілі ретінде

268643e6-e181-49bb-8ed5-0c9587a75965.jpg


Жақында пайда болған жаңа әлеуметтік желіні пайдаланушылар үлкен құлшыныспен қабылдады. «Threads» шыққаннан бастап бір апта ішінде оған 100 млн адам тіркелді. Алайда, алаяқтар жаңа желінің клондарын құра отырып, осындай қызығушылықты өз мақсаттарына  пайдаланды. Бұдан қандай ой түюге болады, пайдаланушы қандай тәуекелдерге ұшырайды және интернет кеңістігінде пайда болатын жаңа схемалар туралы Fingramota.kz айтып береді.

«Threads» жаңа әлеуметтік желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық

2023 жылғы шілдеде «Threads» жаңа әлеуметтік желісі іске қосылғанын бәрі біледі. Адамдардың жеке және төлем деректерін жинау үшін алаяқтар «Threads» әлеуметтік желісіне деген қызығушылықты өз пайдасына асыра бастады.

Алаяқтық схемасы мынадай. Жаңа әлеуметтік желінің танымалдылығын пайдалана отырып, қаскүнемдер атауында «Threads» сөзі бар клон сайттарды жасайды. Сервис жайлы жеткілікті ақпараты жоқ азаматтар оған тіркеледі, ал алаяқтар олардың жеке ақпаратын, оның ішінде төлем деректерін жинайды.  Бұл киберсквоттинг белгілері бар порталдар – бөтен брендтің немесе сауда маркасының атауынан тұратын домендік атауларды әдейі өз мақсатында тіркеу. Сондықтан өз деректеріңізді сыртқы сайттарға жібермеу керек. Тек ресми ресурстарға ғана жіберуге болады.

 

Скам-жобалар: интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі  

 

Бұл схема іс жүзінде жоқ Threads Coin криптовалютасына ақша салумен байланысты, мұнда пайдаланушылар криптовалютаны эфириумге (криптовалюта және блокчейнге негізделген орталықтандырылмаған онлайн-қызметтерді құруға арналған платформа) сатып алу арқылы ақшасын жоғалтуы мүмкін. Бұл скам-схемада (интернет кеңістігіндегі афера/алаяқтық) эфириум иесі орнына ештеңе алмастан ақшасынан айырылады.  

Бүгінгі күні скамның бірнеше түрі бар. Алаяқтардың қармағына түсіп қалмас үшін олардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық.

1.  Белгісіз токендерді сату. Алаяқтар мынадай схема бойынша жұмыс істейді. Алдымен олар жақында криптовалюта биржасына түсуі керек жаңа токендер туралы хабарлайды. Осыдан кейін токендерді олар қымбаттағанға дейін сатып алуға көндіру басталады. Бұл ретте цифрлық валютаны мүмкіндігінше көп мөлшерде сатып алуды сұрайды. Сонымен қатар, алаяқ танымал емес телеграмм-арналарда жарнама орналастыруы мүмкін. Өкінішке орай, ресурстардың әкімшілері тапсырыс берушінің адалдығын әрдайым тексере бермейді. Осы себепті адамдар жарнамаланған токендерге сеніп, оны сатып алуы мүмкін. Алайда, іс жүзінде олардың ешқандай құндылығы жоқ, сіз тек ақшаңызды жоғалтасыз.

 

2.  Басқарудағы ақша. Бұл схеманың мәнін: «Сіз бізге 200 доллар бересіз, ал кешке қарай біз бұл соманы көбейтеміз» деген көпшілікке белгілі алдау амалымен түсіндіруге болады Әрине, бұған сенудің қажеті жоқ. Мысалы, сізді трейдерлердің табысты командасының тұсаукесеріне шақырады, онда олар қысқа мерзімде және аз мөлшерде ақша сала отырып, керемет кіріске кенелуге уәде береді. Ақшаңызды бергеннен кейін оны қайта көруіңіз екіталай.

 

Банк карталары арқылы алаяқтық

 

Ең танымал объект бұл банктік картаның деректері, оны жоғалтсаңыз, шотыңыздағы барлық соманы бірден жоғалтасыз. Мысалы, сізге банк қызметкерінен карта бұғатталған деген қоңырау немесе SMS келеді. Алаяқтар сендірудің психологиялық әдістерін қолдана отырып, сізге ес жиюға мүмкіндік бермейді, сөйлесу барысында сіз өзіңіз-ақ қажетті деректерді айтып бересіз немесе банкоматтың алдында тұрып олар айтқан әрекеттерді орындайсыз. Банктік картадан ақшаны есептен шығару операциясын тоқтату мүмкін емес, себебі есептен шығарылған қаражат бірден өңделеді, яғни ақшаның иесі үшін қолжетімді емес.

Мұндай жағдай туындаған кезде картаны шығарған банкке хабарласып, транзакцияға қарсы өтініш жазып, орын алған жағдайды сипаттау қажет.

Әдетте, банк клиент ақшасының сақталуына жауап береді. Бірақ бір маңызды мәселе бар. Егер төлем карточкалық шоттан орын алса немесе онлайн-транзакция болса, онда бұл жерде алаяқтар айласын асырды деген сөз және оларға жеке деректерді алданған адамның өзі берген. Бұл жағдайда банк жауапты болмайды.

 

Автомобиль сатып алуға қатысты алаяқтық

 

Қаскүнемдердің тағы бір танымал схемасы сатып алу-сату сайттары. Автомобиль сатып алу схемасын қарастырайық. Сіз өзіңіз армандаған автомобиль арзан бағамен қойылған қажетті жарнаманы өзіңіз тауып, еш күдіктенбей телефон нөмірін тересіз. Олар сізге машинаның шұғыл түрде сатылатынын, сондықтан бағасы төмен және дәл қазіргі уақытта бұл көлікті сатып алғысы келетіндер өте көп екенін айтады. Одан әрі олар сіздің ниетіңіздің шын екендігін растауды және ақша аудару қажет телефон нөмірін хабарлау арқылы алдын ала төлем жасауды ұсынады. Ақша аударылған сәттен бастап ол телефон нөміріне қайтып хабарласу мүмкін болмайды, телефон өшіп тұрады.

 

Көбіне алаяқтық құрбаны болғандар қаскөйлерге өздері көмектеседі, қажетті деректерді хабарлайды немесе ойланбай әрекет етеді. Мұндай жағдайлардың күрделілігі сол – алаяқты анықтау мүмкін емес және осындай қылмыстарды ашу деңгейі өте төмен. Кейде, егер аударым әлі жүйеде «тұрған» болса, ақшаның бір бөлігін, ал кейде бүкіл соманы қайтаруға мүмкін болады. Әр түрлі банктердің карталары арасында аударым процесі мезеттік емес және сіз оператор арқылы операцияның күшін жоюға әрекеттенуіңізге болады, бірақ бұл өте сирек кездеседі.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы мысал ғана, іс жүзінде мұндай жағдай көзді ашып-жұмғанша іске асады, алаяқтар бәрін қиындатып, тездетіп жібереді, бірақ олардың мақсаты бір  сіздің эмоцияңызбен ойнап, жеке деректеріңізді білу.

 

Сақ болыңыздар, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр