«Бүгінде мемлекеттік органдар мақсаттарды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. «Мен халыққа берілген уәделерді міндетті түрде орындаймын». Біздің жұмысымызда Елбасы әзірлеген бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспарын толық іске асыру қажеттілігін негізге алған жөн», - деп, өз ойын жеткізген Президентіміз мемлекетіміз бен халқымыздың мүдделерін ескере отырып, біртіндеп және ұдайы жүзеге асырылатынын да атап көрсетті. Қай тармағын алып қарасақ та, жолдауда мемлекетімізде жүйелі саясаттың болуы жөніндегі мақсат-міндеттер маңызды орын алған. Жүйесіз саясаттың ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкелетінін айта кеткен. Сондықтан біз саяси реформалардың дәйекті, табанды және ойластырылған түрде жүзеге асырылуына атсалысу керекпіз.
Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақты-лығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын Жолдау мен Реформалар ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне де ерекше ек-пін берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына да сын айтты. Жергілікті би-лік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты. Реформа міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді ба-сымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзе-ліп, жағдайымыздың жақсара-тынына сенеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Билікке тың ойы бар, жалындап тұрған жастарды тарту қажет. Шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланады. Осалдық таныт-қаны қызметінен кетеді. Ал белсенділерінің айлығы көбейеді – деп жалынды жас-тарға тағы үлкен серпін берді. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің бас-ты міндетінің бірі.
Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көр-сетіле бермек.
Оларға жеңілдетілген тәр-тіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі.
Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақырды. Қазақстанды «Мәң-гілік ел» болуға лайықты деп халыққа жылылық пен сенім сыйлады!
Мейрам Әбілхами, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.