Алматы облысында 30 мұнай базасы және 300-ге жуық жанармай құю бекеттері мен қоймалар бар.

3ad10e5a-9ae0-4d37-a59d-44a5b54999cf.jpg

Базалар мен жанармай құю бекеттері, қоймалар қауіпсіздік стандарттарына сай.

Бұл туралы Алматы облысы бойынша ҚР ТЖМ БЖКБ салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Ернар Рүстемов өңірілік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ақпарат алаңында спикер жанар-жағармай құю бекеттеріндегі, мұнай базаларындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Мұнай базасы мен жанармай құю бекетінде міндеттелген құжаттама тиіс екенін атап өтті.

Спикердің айтуынша, олардың аумағында ашық отты қолдануға жол берілмейді. Қауіпті орындарда ескерту жазулары мен белгілер орнатылуы тиіс. Резервуар паркінің аумағына ұшқын сөндіргіш құрылғылары жоқ автокөліктердің кіруіне тыйым екенін жеткізді. Жалпы, жер үсті жанармай құю бекеттері тұрғын үйлерден 40-50 м жерде болуы керек. Сұйытылған көмірсутекті газды пайдалантын болса, 60 метр арақашықтықты орналасуы қажет.

 «Мұнай базасының аумағы биіктігі кемінде 2 метр жанбайтын материалдардан жасалған үрленетін қоршаумен қоршалады. Қоршау ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 5 метр қашықтықта орналасу қажет. Мұнай базасының аумағында ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды орналастыру ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады», - дейді Ернар Рүстемов.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында Ернар Рүстемов сала мамандарын өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әрдайым оқыту курсынан өткізу керек. Соңғы жылдары бұл тұрғыда ешқандай бұзушылықтар тіркелмеген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр