1. Биыл Алматы облысында АӨК қолдауға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

кой.jpg

Алматы облысы аграрлық-индустриалды аймақ болғандықтан, өңдеуші секторға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл туралы баспасөз жиынында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.

«Алматы облысы еліміз бойынша құс басының саны мен құс етін өндіруден көш бастап тұр. Қой мен ешкі саны жөнінен және жүгері, көкөніс, жеміс-жидек дақылдары мен картоп өсіруден республикада алғашқы үштікке кіреді. Ал балық шаруашылығы тауарлы балық өндірісінің көлемін ұлғайтуға және импортты алмастыру үшін дайын өнім шығаруға бағытталып отыр Өткен жылы 5 мың тоннаға жуық балық өндірілді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 17 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының сөзінше, биыл агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 34 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің көрсеткіші 736,5 млрд. болса, биылғы жылы оның көлемін 2,6% өсіммен 840 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 «Алматы облысының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» бірегей өңірлік бағдарламасын әзірленіп, іске асырылуда. Оған жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 820 бас асыл тұқымды ірі қара және 4 мыңнан астам асыл тұқымды ұсақ мал сатып алынған. Осылайша, 2027 жылға қарай ірі қара асыл тұқымды мал басының үлесін 19,5%-дан 25%-ға дейін, ұсақ мал басын 16,7%-дан 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы аталған шаралардың барлығы облыс халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мегаполистің айналасында азық-түлік белдеуін құруға бағытталған», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұдан бөлек, өңірде 157 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Облыс көлемінде суару желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде 57 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіріледі

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году