Президент реформасы

097016a2-7538-462e-8a75-8191ea977f9c.jpg

МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері білім беру саласына бірнеше мәрте реформалар жүргізілді. Білім саласын жетілдіруге арналған реформалар бүгінде Президентіміздің қолға алуымен одан әрі өріс алуда. Төменде осы мәселелер төңірегінде аудан көлемінде атқарылып жатқан іс-шараларды білу мақсатында аудандық білім бөлімінің басшысы Динара Ақмолдаевамен сұхбат жүргізген едік.

 

- Динара Нұржахан-қызы, кейінгі жылдары Пре-зидентіміздің бастамасымен білім саласына түбегейлі реформалар жүргізіліп жатқанынан хабардармыз. Осы реформалар жөнінде және оның тиімділігі турасында тарқатып айта кетсеңіз.

- Аудан педагогтарының басты міндеті – білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, сонымен бірге оқушылар бойындағы интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Осы орайда, ең алдымен аудандық білім бөлімі 2021 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкі-метінің №726 Қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында арнайы шаралар жоспарын құрып, оны жүзеге асырып жатқандығын айтқым келеді.

Білім саласы – үнемі ізденіс үстінде дамитын үдеріс. Жалпы елімізде сонау 2012 жылдан бас-тап алдымен дербес білім беру ұйымдарының бағдарламасы енгізілді. Аталған бағытта мұғалімдер бірінші, екінші және үшінші деңгей бойынша арнаулы 3 айлық курстардан білім алды. Бұл жүйенің тиімділігі: оқушылар білімін қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы анықтау жүйеге ене бастады. Критериалды бағалау білім алушылардың ары қарай өз бетінше де ізденуіне жол ашты. Мектеп басшылары да жаңаша басқару тәсілдері қамтылған 9 айлық курстардан білім жетілдірді. Бұл білім саласына жариялылықты енгізудің бастамасы болды.

Екіншіден, мұғалімдердің бір-бірінен үйренуі үшін желілік қауымдастық жүзеге асырыла бастады. Джером Брунердің «Көпіршелер тұрғызу» тәсілі арқылы алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдерден үйренуге жол ашты және олардың еңбектерін насихаттау, тәжірибелерін таратуға мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ педагогтер үшін Марта Бронсонның «Өзін-өзі реттеу» концепсиясы аясында өзгеру идеясы жүзеге асырылды.

Биылғы жылғы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияда «Инновациялық жобалар және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы мектеп тәжірибесі», М.Сеңгірбаев атындағы орта мектепте «Білім сапасын арттыруда интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі», Ақдала орта мектебінде  «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру» тақырыбында өткізілген аймақаралық семинарлар желілік қоғамдастық арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағытталды.

Үшіншіден, жапониялық ғалым Макота Йошида енгізген «Lesson study» әдісі арқылы мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуі барысында оқушы білімін жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылды.

Жалпы әр реформаны білім саласының бір-бір даму бас-палдақтары деп ұғынған жөн. Бәрінің өзіндік тиімді жақтары болды. Және бір реформа келесі реформаның бастау бұлағы деуге болады. Дербес білім беру ұйымдарының инновациялық әдіс-тәсілдерін сабақтарға енгізіп болған соң, 2016 жылдан бастап «Білім мазмұнын жаңарту» енгізілді. Оның нәтижесінде оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білу үшін оқулықтар мазмұны жаңарды. Ата-аналар мен ізденімпаз педагогтар пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп, түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құ-зыреттілігі, шетел тілін оқытуға өзгерістер, яғни, өскелең заманымыздың талабына орай әлемнің технократиялық деңгейінен қалмау үшін «Тіл-дердің үштұғырлылығы» ен-гізілді.

Әйтсе де жүргізілер жұ-мыс әлі көп. Оны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Елі-мізде орта білім беру саласы жиі реформалар жүргізілетін салалардың қатарына жатады. Соңғы жылдары мектептеріміз үнемі реформалар жүргізілетін режимде жұмыс істеуде. Соған қарамастан бұл сала заман талабына сай жаңғыртылды деп айта алмаймыз. Жүргізілген реформалардың тиімділігі көрі-нетін нәтижелерге әлі де қол жеткізген жоқпыз» - деп, алда жүргізілетін жұмыстардың әлі де көп екенін айқындады. Себебі ұрпаққа білім беру, оларды уақыт талабына, замана ағымына орай тәрбиелеу – үнемі ізденісті қажет етеді.

- Білім саласында еңбек етіп жатқан ұстаздар қауы-мына арналған «Ұстаздар мәртебесі» туралы Заңда қамтылған дүниелердің  өзі де Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынғаны белгілі. Бұл тұрғыдағы ой-пікіріңіз қандай?

- Иә. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болған бетте педагогтерге жылы леп келді. Келе сала, педагогтер жалақысын кезең-кезеңмен әр жыл сайын 25 пайыздан 4 жылда 2 есеге көбейтуді қолға алды. Биылғы жылы сол жалақы төртінші жылы 2 есеге көбейді.

Одан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 тамыздағы № 645 Қаулысымен Қазақстан Республикасы "Педагог мәртебесі туралы" Заңы қабылданды.

Аталған Заңның мұғалімдер үшін бір пайдасы ретінде мынаны айтқым келеді: 2021-2022 оқу жылында Балқаш ауданында 23 мектепте: оның ішінде 1 мектеп-гимназия, 18 орта, 1 мектеп-интернат, 1 негізгі мектеп жанындағы интернат (Үшжарма н.о.м.), 2 бастауыш мектепте 852 педагог: оның ішінде жоғары санатты – 148 (17,3%), бірінші санат – 286 (33,5%), екінші санатты – 199 (23,3%), санаты жоқтар – 158 (18,5%) педагог  еңбек етсе, 2022-2023 оқу жылында «Педагог мәртебесі туралы заңның «Педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)» туралы 14-бабында «Педагогтер аттестаттаудан өтеді, соның нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады)» деп көрсетілуіне сәйкес 116 мұғалім педагог-модератор, 215 мұғалім педагог-сарапшы, 74 мұғалім педагог-зерттеуші, 3 мұғалім педагог-шебер болып,  санаттарына байланысты айлық жал-ақылары 30, 35, 40, 50  пайызға дейін көтерілді. Бұл – Президент айтқан әр жылғы 25 пайыздан көбейтілген жалақыдан тыс көбейген жалақы. Сөйтіп мұға-лімдердің әлеуметтік жағдай-ының жақсаруына жол ашылды. 

Екінші... жалақы алған соң оны өтеу бар. Яғни, алған жалақы көлемінде жұмыс сапасы керек. Оның қайтарымы – әрине сапалы еңбек. Ол үшін ең бастысы мұғалімдердің білімі мен біліктілік деңгейлері жоғары болу керек.        

Мұғалім ізденіспен дамиды. Орыстың ұлы педагог-ғалымы Константин Ушинскийдің: «Мұ-ғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген даналығы қазіргі кезде де бағалы. Олай болса, «Педагогтің біліктілігін арттыру» қамтылған 18-баптың 1 - тармағындағы: «Педагог бұрын алған кәсіптік құзыреттерін сақтап-тұру және дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды» деген талабына сәйкес барлық мектептерде жасалған «Даму жоспарына» кестесімен 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында мектеп басшыларының білім беру ұйымындағы басқару тәсілдері бағытындағы курстан 8, мектеп директорларының оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдер бағы-тындағы курстан 11 мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша 14 мектеп

директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары арнайы білік-тілік курсынан өтті. Сондай-ақ пән мұғалімдері төмендегідей курстар бойынша біліктілігін жетілдірді:

Тілдер (қазақ, орыс, ағылшын)             Жаратылыстану (химия, биология, география)            Математикалық бағыттағы (математика, информатика, физика) Эстетикалық пәндер (музыка, еңбек, д/т, бейнелеу өнері) Психологтар                Әлеуметтік педгогтар, дефектологтар)

31           15           12           41           7             8

Біліктілік жетілдіру курсына барған барлық мұғалімдерге курста болған кезеңдері үшін іссапар шығыны төленді. Сондай-ақ барлық мектептерде халықаралық «Талис» сауалнамасының 11, 18 және 24-тараулары бойынша сауалнама алынды. Әсіресе 11-тараудағы:  «Cоңғы 18 айдың ішінде төменде көрсетілген кәсіби даму түрлерінің қайсысына қатыстыңыз және алған біліміңіздің мұғалімдік тәжірибеңізге әсері болды ма?» деген тақырыптағы «Курстар/семинарлар (мысалы,  пән бойынша оқыту әдістері бойынша, оқуға қатысты  басқа тақырыпта)» деген параметрдегі сұрақтарға курсқа барған мұғалімдердің 91 пайызы «әсері зор» деп жауап берген. Бұл тәсіліміз әрі мұғалімдердің тек курсқа барып қайтуы емес, нақты білім алу деңгейін бақылауға мектеп әкімшілігі тарапынан да, мұғалімдерінің өз тараптарынан да сыни ойлауына қол жеткізуге тигізілген әсер болды.

«Педагогтің көтермеленуге құқығы» туралы 9-баптың 4-тармағында: «Жергі-лікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау және ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мере-келік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды» деген. Аталған талап бойынша соңғы 2 жылда «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына 2, «Ы.Алтынсарин атындағы медальға» 2, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен 7, Алғыс хатымен 9, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен 12, Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен 28 және аудан әкімі мен аудандық білім бөлімі басшысының Құрмет грамотасымен 98 ұстаздың марапатталуына ықпал етілді. Одан тысқары 159 мұғалім мектеп басшыларының Құрмет грамотасына ие болды. Сонымен бірге тікелей Балқаш ауданы педагогтерінің «Бірлік» кәсіподағы тарапынан 27 мұғалімге «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі тапсырылды.

Санамалап отырсақ, «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң педагогтердің алдынан жарқырап туған күн болды. Кешегі кеңестік кезеңдегідей емес бүгінгі мұғалімдердің мүддесі заңмен қорғалуына қол жетті.

Осы орайда айтарым, Қазақстан Республикасының Президенті, біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – бастамашыл басшы. Президент талабына орай біздің аудандық білім беру ұйымдары педагогтері де түрлі  бастамалар көтеріп, білім сапасын арттыруға белсене атсалысып келеді.

- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы өмірімізге еніп жатыр. Аталмыш жобаның мұғалім мен оқушы үшін тиімділігі неде?

- Елімізде бұрын да «Жүз мектеп, жүз аурухана» сияқты мемлекеттік бағдарлама  жүзеге асқан. Одан бөлек те мектеп құрылыстары салынып жатты. Бұл жобаның бұрынғылардан ерекшелігі неде десек...

Біріншіден, Жоба өзінің ауқымы мен өзектілігі жағынан ерекше. Сондай-ақ оған ұқсас ешқандай жоба жоқ екенін атап өткім келеді. Ең бастысы, ол толығымен республикалық бюджеттен қаржыландырылған.

Жалпы «Жайлы мектеп» атаулы ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылады.

Мектептер физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады.

Спорт залдар мәселесі шешіледі. Қазір 1000 орындық №1 Жамбыл атындағы орта мектепте  тек  бір ғана спорт зал бар. Ал таңғы сағат 8-ден кешке дейін дене шынықтыру сабағы бір уақытта бірнеше сыныпқа өткізіледі. Ал жайлы мектептерде жобалық қуатына қарай бірнеше спорт залдар болады.

Жайлы мектептің бір жақсы жері бала мемлекет қамқорлығын көріп өседі. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын!» деген екен. Яғни, «Жайлы мектеп» батыр атамыздың арманымен үндес. Ел қамқорлық жасаған соң, бала да елі үшін жанын аямайтын патриот болып өседі.

Жалпы білім алушының сапалы білім алуына жағдай жасалған соң, олар алаңсыз тек сабағына ғана дайындалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де жағдайлар жасалады.

- Жалпы жоғарыда қойылған сұрақтардың барлығы да Президент реформасымен сабақтасып жатыр. Олардың нәтижесі күнделікті өмірімізден ерекшеленіп тұрғаны да анық. Осы жайында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін әңгіме өзегіне айналдыра кетсеңіз.  

- Тарихшылардың айтуынша, халықтың сыни тұрғыдан ойлап бағамдауынша, еліміз бұрын өзге ұлттардың басымдығымен күн кешті. Мемлекет ретінде егемендігін алған кезде бізде білім саласын жетілдірудің тәжірибесі болған жоқ. Сондықтан түрлі реформалар жасай отырып, бүгінде нақты даму жолын айқындадық.

Әсіресе сыртқы істер саласындағы үлкен саясатпен араласқан, талай елдің даму барысын зерттеген, ойлары тұжырымды, сарабдал саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы бері нәтижеге бағытталған білім саясаты жүзеге асырылуда. Президент саясаты аясында Балқаш ауданы білім беру мекемелерінде білім сапасын арттырудың кешенді жоспары жасалған. Жоспарланған шаралар негізінен жүзеге асырылды.

Биылғы жылы аудан мектептерінде оқу жылын 5316 оқушы аяқтады. Үлгерім 100, білім сапасы 65 пайызға жетті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Және Президент реформасын жүзеге асырудағы ұстаздар қауымының ізденісінің көрінісі деуге болады. Президент реформасын жүзеге асыру алдағы мерзімдерде де жалғасын табады.

 Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбатты жүргізген: Күмісбек ЕРБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР