Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады 07.06.2023

photo-2023-06-07-09-21-08-750x375.jpg

Пандемия кезінде тоқтап қалған автобустар қайтадан жолаушылар тасымалдауға көшті. Жайдарман жаңалық екі аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі.

Бұл игі іс Еңбекшіқазақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен Талғар ауданындағы «Тұлппар Экспресс-А» ЖШС-ің ортақ келісімі негізінде жүзеге асты.

– Есік – Талғар бағыты қайтадан іске қосылды. Қоғамдық көліктер сағат 6:10 – нан бстап, 20:10- дейін белгіленген уақыт кестесіне сай жүреді. Жолақысы – 80 теңге. Қазір екі аралықтағы аялдамалардың орны анықталып, тиісті жол белгілері сызылып жатыр, – дейді Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков.
Тұрғындарының айтуынша, Есік пен Талғар қаласы аралығына такси жалдайтын болсаңыз, кемінде 300-400 теңге жұмсалады. Бұл – жолаушылардың қалтасына салмақ салатыны айтпаса да түсінікті. Ал маршруттардың қайта жанданғаны жолаушылар үшін тиімді.

Соңғы жылдары Есік қаласының аумағы ұлғайып, жаңа елді мекендер бой көтеруде. Бұл – өз кезегінде, қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыра түсті. Айта кетсек, осыдан бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы мен Бөлек ауылдық округі арасына жолаушылар тасымалдайтын автобустар қатынай бастады. Аудан тұрғындарының ендігі өтініші, Есік қаласының ішінде жүретін қоғамдық көлік бағыттарын қайта қалпына келтіру.

Ерзат АСЫЛ,
Еңбекшіқазақ ауданы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚОҒАМДАҒЫ СЕНІМДІ АРТТЫРАДЫ
  • Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді
  • Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросу разъяснения населению проекта новой Конст
  • Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
  • Silk Way Star жобасының финалы Қытай орталық телеарнасында көрсетілді