Пресс релиз

Ағымдағы жылғы 26 мамырда сағат 17:00-де республика бойынша бірыңғай дәстүрлі «Халық заңгері» акциясы өтті.

 Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және көбіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқан тұрмыстық қиын мәселелерді шешуде құқықтық консультация беру.

 Мемлекет басшысы ҚХА-ның а.ж. 27 сәуірдегі сессиясында айтып кеткендей, «адамдардың құқықтық мәдениетін дәйекті түрде арттыру, қоғамдық санада жасампаз құндылықтарды дамыту қажет».

 «Халық заңгері» акциясы соңғы жылдары жыл сайын өткізілуде және азаматтар арасында сұранысқа ие болды.

 Аталған акцияның шеңберінде Қонаев қаласында «Сити плюс» сауда орталығының алаңында 30-дан астам үздік юрист-мамандар, өңірдің тіршілігі мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды.

 Сарапшылар құқықтық мәселелермен жүгінген 100 астам адамға толық және тегін құқықтық көмек көрсетті. Негізінен бұл жер, еңбек және отбасылық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер.

 Естеріне сала кетейік, «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын өткізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, zakon.kz баспасының және «Параграф» ақпараттық жүйесінің бастамасы болып табылады№

 Акцияның ауқымы мен географиясы бойынша Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Первые партийные списки на выборы в Курултай
  • Что предлагают партии?
  • Данные соцопроса показали какой партии отдают предпочтение казахстанцы на выборах в Курултай
  • Партиям есть за кого бороться: каждый пятый казахстанец еще не определился с фаворитом
  • 22,6% казахстанцев пока думают за кого будут голосовать на выборах в Курултай