БҰЛ ШАРТТЫҢ ӨЗІНДІК МАҚСАТЫ БАР

6cc813b3-8853-47c6-ab9d-1ea0174066f6.jpg

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим, ең алдымен, Қазақстан азаматтарының көрші мемлекетке баруына барынша қолайлы жағдай туғызады. 

Бұл келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, азаматтар арасындағы байланыстарға, сауда- саттықты кеңейтуге айтарлықтай қолдау болатыны сөзсіз.   Қазіргі  жағдайда Қазақстан үшін неғұрлым көп елдермен тығыз қатынас орнату ұтымды екеніне күмән жоқ. Өздеріңіз білетіндей, біз сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты таңдап, осы күнге дейін оны табысты жүзеге асырып келеміз

Менің ойымша бұл шарттың өзіндік мақсаттары бар. Мысалы визаны алып тастау экономикалық іссапарлар, туристік, бизнес, медициналық, білім алу бағыттарында өте тиімді болады. Қытайда білім беру саласында шетелдіктерге арналған арнайы гранттар бар. Ал біздің сол жақта білім алатын жастарымыз үшін визасыз режим жағдайды әжептәуір жеңілдетіледі.

                         Алма АЛМАТЫҚЫЗЫ, Баспасөз хатшысы.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Первые партийные списки на выборы в Курултай
  • Что предлагают партии?
  • Данные соцопроса показали какой партии отдают предпочтение казахстанцы на выборах в Курултай
  • Партиям есть за кого бороться: каждый пятый казахстанец еще не определился с фаворитом
  • 22,6% казахстанцев пока думают за кого будут голосовать на выборах в Курултай