Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні

Бүгін бәрімізге белгілі дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні. Ақпараттың барлық түрімен қамтамасыз етіп отырған электро байланыс саласы бүгінгі қоғамда өте қажетті қызметтердің бірі. 54 жыл қатарынан аталып келе жатқан бұл кәсіби мерекеге орай аудандық Қазақтелеком мекемесіне барып арнайы шолу жасап қайттық. 

   Ұйғыр ауданы бойынша бүгінгі таңда 22 цифрлық АТС жұмыс істеп тұр. Оның бәрі талшықты-оптикалық кабельге қосылған. Аудан көлемінде 25 елді мекеннің 21 аймағы талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған. Барлық ауыл округтерінің мектеп, әкімшілік, полиция пункті, мед пунктерінде аталмыш құрылғы іске қосылған. Аймақта станциядан бөлек интернет желісін тарататын радио мост бар. Радио мост 3 аймақта орналасқан. (Шонжы ауылында, Арасан учаскесінде, Ават ауылдық округінде). 

   Сымсыз SDMA станцияның аудан көлемінде 5 құрылғысы істеп тұр.  

   Қазіргі сәтте аудандық Қазақтелекомда 45 адам жұмыс жасайды. Желілік техникалық цехында 32, Сату учаскесінде 7, Электриктер 2, Жүргізушілер саны 4.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
  • жылыту маусымы нәтижелі аяқталды
  • Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдардың жағдайы депутаттық сынға ілікті
  • В Алматинской области состояние дорог с 25-летней гарантией вызвало резкую критику депутатов
  • Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді