Жалған ақпаратқа тосқауыл болар еді

кумисбек.JPG

"Атың шықпаса жер өрте" дегенді алдарына мақсат ретінде қойған, өз - өзің блогер санайтын жандар ел аумағында кейінгі жылдары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені рас. Олар ақпарат заманының мүмкiншiлiгiн өздерінің мүдделеріне сәтті пайдаланып, жалған ақпараттың жетегінде кетіп жататыны да жасырын емес.

Ата - бабаларымыз «Жалған сөз жарға жығады» дегенді бекерден - бекер айтпаған. Елді елең еткізетін жалған мәлімет пен ақпарды өз пайдасына қарай жарататын, ақпараттын дұрыс - бұрыстығын зерделемейтін, түймедей нәрсенi түйедей қылып көрсетіп , жерден жетi қоян тапкандай жер - жаһанға жар салатын, осындай қадамдары арқылы біреуді үркiтiп, қорқытып, бопсалап тұрмыс жағдайын жасап, қалтасын қампайтып жүрген блогерсымақтарға заң жүзiнде қатаң талап пен шектеу қоятын мезгiл жеттi деп білемін. " Асауға тұсау» қашанда салынуы тиiс. Бұл қоғамдағы өз - өзінен сұранып тұрған өзекті мәселелердiң бiрi.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан
  • Қоғамның дамуына қатысуға құқық береді
  • Заң мен тәртіп