«ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУГЕ ШЕШІМ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

   Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

   1) жергілікті атқарушы органның стенділерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;

   2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

    1) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 15 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік – 37 күн;

   2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

  3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

  Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Құқықтық режимі, жер учаскесінің санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізінде нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру мүмкін емес болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

Осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.

Жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға шешім немесе қызмет беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап шешім берілді деп есептеледі.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет қорытындысын берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жергілікті атқарушы органға өтiнiш бередi;

2) жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкерi мемлекеттік қызметті алушыға өтініш бланкін береді және өтінішті қабылдайды;

3) жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасы құжаттар пакетін қабылдайды, оларды тiркеу үшін жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкерiне береді;

4) жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкерi өтінішті және құжаттарды тіркеу журналында тiркейдi және мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды алғандығы туралы қолхат бередi;

5) жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкерi шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі;

6) жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасы осы регламенттің 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері жөнінде жазбаша хабарлама береді.

                                                                                                                                                                     Қуат НҰРҒОЖАЕВ, Топар ауылдық округінің әкімі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР