«ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР»

3a958ee1-eac7-4240-9300-cf27818e77ca.jpg

27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні мерекесіне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Өнерге қанат қаққандар» атты кездесу кеші өткізілді.

Кешке аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Сқабаев, аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Г.Сәлімжанова, «Бақанас» халық театрының майталмандары - Әсетқызы Сәрсенкүл, Есболғанова Алтын, Несіпбаева Гүлшахар,  Демеуқұлова Зәуреш,    Ормышев Мейрамбек, аудандық мәдениет үйінің директоры, театр режиссерлары Ф.Жылгелдиев, Т.Таңатов бастаған мәдениет үйінің өнерпаздары, театр мүшелері   Ә.Жадыраев,  Г.Қасабекова, Н.Кенжеғали, А.Батырбаев, Е.Қожахан, мекеме-ұйым қызметкерлері, жастар, мектеп оқушылары қатысты.

Шараны аудандық кітап-хананың кітапханашысы Ш.Бөл-тірікова мен аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Н.Кенжеғали жүргізді.

Кеш шымылдығы  аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Г.Сәлімжанованың құттықтау лебізімен ашылып,  «Бақанас» халық театрының мүшелері Ормышев Мейрамбек пен  Әсетқызы Сәрсенкүлді аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің «Алғыс хатымен», «Бақанас» халық театры Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ә.Жақыпбекованың «Алғыс хатымен», көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туғанына 125 жыл толу мерейтойына орай Алматы облысы театрларының арасында өткен «Алтын қазық» мерекелік фестивалінде көрсеткен өнерлері үшін Қарасай ауданының әкімі Ж.Естеновтің «Алғыс хатымен»   марапатталуына ұласты. Бейнефильм көрсетіліп, театр шежіресі жайлы сыр шертілді. Бақанас мектеп-интернаты мен М.Сеңгірбаев орта мектебінің оқушыларының жатқа мәнерлеп айтуларында театр туралы өлең-жырлар мен нақыл сөздер оқылды.

Мәдениет үйінің жас өнерпаздары А.Батырбаев пен Е.Қожаханның орындауында әсем әндер шырқалса, театр саңлағы, күміс көмей әнші, мәдениет қайраткері Г.Несіпбаеваның орындауындағы «Қыз-Жібек» операсынан Қыз-Жібектің ариясы көптің көңілінен шықты, М.Сеңгірбаев орта мектебінің оқушысы А.Жиренбай «Қарт Алатау» әнін нақышына келтіре орындады.   Театр майталмандары естеліктерімен бөлісіп, ақжарма лебіздерін жеткізсе,  Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, театр қойылымдарының кеңесшісі К.Омарова мен   аудандық «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлес-тігінің төрайымы  Г.Зікірова театрдың өткенінен сыр шертісті

Аудандық ақсақалдар алқа-сының төрағасы Б.Сқабаев өнер иелерін айтулы күнмен құттықтап, ыстық лебізін жеткізсе, аудандық Мәдениет үйінің директоры Ф.Жылгелдиев шараны ұйымдастырушы аудандық кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Ал аудандық кітапхана директоры Н.Қапсаланова Дүниежүзілік театр күнімен құттықтап, өнер саңлақтарына шығармашылық табыстар тіледі.

        

 Айгүл КАМИТОВА, аудандық кітапхананың кітапханашысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР