ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ АЙҚЫН КӨРІНІС ТАБУДА

5573f136-feea-4b23-9509-6227bd14c53e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жүргізіп отырған реформалары өз жемісін беруде. 

Әділетті Жаңа Қазақстан қоғамын құру жолындағы реформалары біздің ауданда да айқын көрініс тауып отыр.

Құқық қорғау органдарының басты міндеті-халықтың құқығын қорғау болып табылады. Бұл тұрғыда құқық қорғау органдары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, алаяқтық, қаржы пирамидалары, жастар арасындағы есірткі қылмысы және тағы да басқа бүгінгі күндегі өзекті мәселелер біздің басты назарымызда.

Атап айтар болсам, Балқаш АПБ қызметкерлері адам құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етеді, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асырады, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдайды, құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алады, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару және тағы да басқа құзыретіне сәйкес өз міндеттерін атқарады.

Соңғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылатын: «отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық» - мәселесі бойынша атқарылып отырған профилактикалық жұмыстардың оң нәтижесінен, аталған қылмыс түрі жыл басынан бері аудан аумағында орын алмады.

Соңғы жылдары интернет желісін жиі қолданатын азаматтардың арасында - «қаржы пирамидалары» арқылы пайда табу мүмкін екендігі кең таралған, оның түрлерінің көптігінен азаматтарды алдын ала ескерту, қылмыстың алдын алу мәселелері өте күрделі болып отыр. Жыл басынан бері интернет желісінде насихат жұмыстарының, жүйелі түрде үнемі жүргізіліп жүргенінің  арқасында аудан тұрғындарының арасында ондай деректер тіркелмеді.

Ал «алаяқтық» - ХХІ ғасырда арам пиғылды адамдардың басты пайда көзі болып табылатындығын анық байқауға болады. Жалпы облыс бойынша, аталған қылмыс түрінің тіркелу деректерінің басқа қылмыстарға қарағанда бірнеше есеге өскендігі байқалады. Оның ішінде әсіресе «интернет желісін пайдалана жасалған алаяқтық» - түрлері көп орын алуда. Аталған қылмыс түрлері, жыл басынан бері Балқаш ауданында тіркелмеген, яғни азаматтарымыздың интернет сауаттылықтары артқан, - деп айта аламыз.

Сондай-ақ «жастар арасындағы есірткі мәселесі» - қай мемлекетте болсын басты назардағы күрделі мәселе. Балқаш ауданында, аталған дерек тіркелмесе де, аудандық полиция қызметкерлері осы бағытта алдын алу жұмыстарын үнемі, үздіксіз жүйелі түрде атқарып жүр.

 Руслан НАУШАЕВ,  Балқаш аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР