ҮМІТКЕРЛЕРГЕ СӘТТІЛІК

c4e31e28-b418-46c1-b8b2-d7a8ceaa5296.jpg

Балқаш ауданы. Бақанас ауылындағы №102 учаскелік сайлау  комиссиясының мүшелері денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне дауыс беруге келе алмайтын сайлаушылардың отбасына арнайы барып, дауыс алды. өтініш берушілердің бірі Бақанас ауылындағы Д. Қонаев көшесінің тұрғыны, зейнеткер Төлепберген Мұханов пен зайыбы «Алтын алқа» алқасының иегері Амантай Мұханова.

Өтініш берушілер  Төлепберген Мұханов өз сөзінде «Бұл сайлаудың жөні бөлек. Біз Әділетті Жаңа Қазақстанның орнығуына және күш алуына дауысымыз арқылы үлесімізді қосамыз. Биыл партиялардың да саны артты. Қандай бағдарлама жасақтағанын тыңдадық. Сөз бен істің нақты нәтижесі алдағы кезеңде қалай болады, мәселенің маңызы сонда. Олардың мүмкіндіктерін таразылай отырып шешім қабылдайсың. Ал бір мандаттық округтен Мәжіліске ұсынылғандар бұл жолы жарыс көрігін ерекше қыздырды. Облыс пен аудандық мәслихат үшін бәсекелесіп жатқан үміткерлер аз емес. Сондықтан бізге, сайлаушыларға, артылатын жауапкершілік зор. Оны дұрыс түсіну керек. Арнайы жәшікке бюллетеньдерді салар алдында оған ұзақ қарап ойлануға тура келеді. Сондықтан үміткерлерге сәттілік» -деп 83 жастағы зейнеткер өз таңдауын жасады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан
  • Қоғамның дамуына қатысуға құқық береді
  • Заң мен тәртіп