Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне Қонаев қаласының символына айналған барыс келді. Нақтырақ айтар болсақ облыс орталығының бас белгісіне айналған барыс киімін киген қала тұрғыны Нұрбек Орманов сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Нұрбек Жүзбайұлы жаңа мәртебеге ие болып, көркеюдің кемел жолына бастаған Қонаевтың символы барыс киімін кию себебін түсіндіріп, бұл сайлаудың маңыздылығына тоқтап өтті. «Егеменді ел ертеңі жастардың қолында, біз жастар ұшқыр ойлы, жасындай жарқылдап тиянақты еңбек етсек Отанымыздың болашағы биікте болмақ. Мен барыс киімін киген себебім бүгінгі сайлауға өзгеше ажар бергім келді және Қонаев қаламызға деген биік құрметті символы арқылы суреттеуді қаладым. Бірақ бүгінгі әр азамат өз таңдауын жасаған айрықша сәтте бұл маңызды емес, мәндісі дауыс беру алаңынан ешбір тұрғынның қалыс қалмауы, өз таңдауы арқылы бедерлі болашаққа жол жалғауы болмақ».
Сайлауға барыс келді
Жарнама орны (6) |