ҮМІТКЕР САТЫЛҒАНОВА АНАР САРШІКЕНҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Сатылғанова Анар Саршікенқызы 1972 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Айғыз ауылында дүниеге келдім.
1979-1989 жылдары Шұбартау ауданы, Айғыз ауы-лындағы «Калинин» орта мектебін бітірдім.
1989 жылы Cемей қаласындағы «Аң – терілер, мех» техникумына оқуға түсіп, 1991 жылы «Сатушы» мамандығын алып шықтым.
2003 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне түсіп, 2007 жылы тарих, құқық және экономика негіздері мамандығын алып шықтым.
Еңбек жолымды 2006 жылдан бастап, Топар орта мектебінде кітапханашы болып жұмыс атқардым. Ал 2007 жылдан бастап тарих, құқық негіздері мұғалімі болып еңбек еттім. 2015 жылдан бастап Топар орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарудамын.
Отбасылымын, 2 балам бар.
Құрметті сайлаушылар!
Халық мүддесін бәрінен жоғары қойған әр азамат Қазақстанның ертеңгі жарқын болашағын таңдауға тиіс. Біздің мемлекетіміздің басты мақсаты білім сапасын әлемдік бәсекеге қабілетті етіп, ертеңгі ел тірегі болатын бүгінгі жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беру болып саналады.
Менің мамандығым мұғалім болған-дықтан аудан көлеміндегі орта мектептерде білім сапасының жоғары болуы маңызды.
Сондықтанда мен аудан жасөспірімдерінің білімді болуына бар күш-жігерімді салып жұмыс істеймін.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасын білім беру процесіне қатысушылардың өзара сыйластығы және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, ынтымақтастықтың негізін қалауға, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге жұмыс жасаймын.
Шалғай ауылдың негізгі тірегі мектеп болғандықтан, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім беруге, мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын тұрақты ұйымдастыруды қолға аламын.
Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау, аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың және қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұйымдастырамын.
Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге ықпал етемін.
Ауыл жастарының жұмыспен қамтамасыз етілуіне және мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуге мамандық таңдауға ықпал етемін.
Оқушылардың заманауи құқықтық, психологиялық, экономикалық және эколо-гиялық мәдениетін қалыптастырудың зор маңызын кеңейту.
Мектеп түлектерінің жеке тұлғасын әлеуметтендіруді, олардың заманауи қоғамдағы өмірге бейімделіп кетуін қамтамасыз ету қажет.
Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою, жалпы білім беретін мектептер базасында оқушыларға болашақ кәсібін таңдауға мүмкіндік беру, өз шешімін қабылдауға моральдық-психологиялық дағдыларды тәрбиелеу қажет.