Алматы облысының әкімі президент қабылдауында болды

priem.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім Президентке өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі саласы бойынша өсім тұрақты болған. Облыста 37,2 мың жұмыс орны, оның ішінде 26,3 мың тұрақты жұмыс орны ашылған.
Мемлекет басшысы өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуы, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апат салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет алды.

Әкім Сұлтанғазиев Президентке облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндады. Сонымен қатар көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымды қайта құруға және игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі