Ақ жол" жұмысшыларды сайлау күні өз таңдауын жасауға шақырды

c5dcdc73-8e8c-4d77-8ba0-c0f26c4e9d78.jpg

8 наурыз 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

 «Ақ жол» демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Павлодар қаласына барды.

Бүгін Республикалық штаб мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, «Ақ жол» демпартиясынан бір мандатты округ бойынша кандидат Фуат Сатыбаев, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Павлодар облысындағы «Мерусарии және К» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

 

«Ақжолдықтар» партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес, Парламенттік республикаға көшу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемелері, жұмыссыздық, салалық ҚҚС мөлшерлемелері, оффшорлардағы қаржыны қайтару, инфляциямен күрес және тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатысты мәселелер көтерілді.

 

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған соң кандидаттар Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы айтты. Жұмысшылар көкейдегі сұрақтарын қойды. Көпшілікті әлеуметтік әділеттілік, «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң мен әділ сайлау мәселелері қызықтырды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мадридте өткен халықаралық форумда қазақстандық кардиологтың баяндамасы жоғары бағаланды
  • Гордость Казахстана: профессор Амина Ракишева – среди мировых лидеров в области кардиологии
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы
  • Послание Президента 2024
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді