Respublica халықпен бірге ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қытаймен визасыз ре

07e2ad47-55c9-427a-995d-107319cf354f.jpg

Бүгін республика бойынша сайлауалды тур бірден екі қалада – Семей мен Қарағандыда жалғасты. Партиялықтар Қарағанды  мен Абай облыстары тұрғындарының түйткілді мәселелерін талқылады. Бұл шараларға барлығы 1500-ден астам адам қатысты. Осылайша, партия еліміздің 17 өңірін аралап бітті.

 

Семейде Respublica-лықтар зиялы қауым, өнер және жастар өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар қала мен облыстың мәселелерін жан-жақты айтты. Шараға 500-ден астам адам қатысты.

Белгілі болғандай, халықты Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге көмек көрсету, сапалы білім мен денсаулық сақтау, Қытай Халық Республикасымен визасыз режим мәселелері алаңдатып отыр.

«Қазір - ел үшін жан беретін уақыт емес, ел үшін өмір сүретін уақыт. Біз өзімізге қоятын басты сұрақ – 70 жылдан кейін ұрпаққа не қалдырамыз? Менің таңдауым – халқымыз үшін өмір сүріп, халықтың мәселесін шешу. Бұл – басты мақсат», - деді Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Руслан Берденов.

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бақытбек Хамит Respublica партиясының неліктен бос уәде бермейтінін, адал жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Біз өтірік айтпауға, ұрламауға және сөзімізде тұруға уәде береміз. Өйткені бизнесте ондай жағымсыз қылықтарға бару мүмкін емес. Егер сіз бизнесте алдасаңыз, серіктестеріңізден де, клиенттеріңізден де айырыласыз. Егер сіз бос уәде беріп, сөзіңізде тұрмасаңыз, сіздің компанияңыз өспейді. Жемқорлықпен айналыса бастасаңыз, шенеуніктермен бірге әділетті жазаға тартыласыз. Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз, біз мұны істеген жоқпыз және жасамаймыз да! Сондықтан 19 наурызда баршаңызды өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», - деп қосты Б.Хамит.

Хамит соңғы сайлауға сайлаушылардың жартысынан сәл астамы келген статистиканы келтірді, яғни 5,5 миллион дауыс босқа қалды. Ол қазақстандықтарды белсенді болуға шақырды.

Сапар аясында Respublica партиясының мүшелері «Семей – Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай мен Шәкәрім мемориалдық кешенін де аралады.

Ал Қарағандыда Respublica-лықтар Қарағанды машина жасау зауытының еңбек ұжымымен және «Қолғанат-Қарағанды» ЖШС еңбеккерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесулерге қатысушылардың жалпы саны 500-ге жуық адамды құрады.

«Біздің партия саясатта тәжірибесі бар емес, өндірісте тәжірибесі бар адамдардың уақыты келгеніне сенімді. Іс жүзінде бизнес-процестерді қалай құру керектігін білетіндер, үлкен ұжымдардың жұмысын ұйымдастыра алатындар және жоғары нәтижелерге қол жеткізгендер ғана елдің проблемасын шеше алады.

Иә, бізде саяси тәжірибе жоқ. Бірақ бізде тағы бір тәжірибе жоқ – уәдемізді орындамау. Менің қол астымда 7000 адам жұмыс істейді, егер мен сөзімде тұра алмасам, сол 7000 адам маған сенбейтіндіктен баяғыда басқа жұмыс тауып алар еді. Біз имандылық пен адамгершіліктің не екенін білеміз. Ал біздің қызметкерлердің сенімі – соның тікелей дәлелі», – дейді Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Сонымен қатар, Қарағандыда партия мүшелері аймақтық штабта болып, С.Сейфуллин атындағы театрда облыс халқымен кездесу өткізді.

 

БАҚ-пен байланыс үшін:

Іңкәр Самат

+77758888190

E-mail: Respublica.party@gmail.com   

Instagram

Facebook

Telegram

TikTok


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР