Алматы облысында Алғыс айту күніне арналған эссе байқауы өтті

c2680880-2a1c-41f4-abc8-2674787b840a.jpg

4720a02b-82be-4098-ae31-f3f956d691f5.jpg4720a02b-82be-4098-ae31-f3f956d691f5.jpg

Бүгін Алматы облысында «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық эссе байқауы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шығармашылық сайыс Алғыс айту күніне арналған «Рақмет саған, Qazaqstan!» атты онкүндік аясында өткізіліп отыр.ba989e36-4049-4e14-8e30-34c391a39b07.jpgba989e36-4049-4e14-8e30-34c391a39b07.jpg

Байқауға облыстағы барлық білім беру мекемелерінің 8-9 сыныптарының мыңға жуық оқушысы қатысып, тақырыпқа орай өз ойларын жеткізді.

Байқауды Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Алғыс айту күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Сіздердің шығармашылық байқауға қатысуға ниет білдіріп, ынта-ықылас танытқандарыңыздың өзі көп нәрсені білдіреді.  Ізгі істерге негізделген қоғам қалыптастыру жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз», – деп атап өтті Жандар Асан.

«Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» эссе байқауының мақсаты –мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Қазақстан халқының бірлігін, достығын нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту да байқау міндеттерінің бірі.

Сайыста жазылған жұмыстар арнайы комиссияның қарауына ұсынылып, бірнеше критерий бойынша бағаланады. Жеңімпаздардың есімдері 2 наурызда анықталады.

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, үздік шығармалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі