САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫ ТІРКЕУ РӘСІМІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті  Жаңа Қазақстан» қоғамын құру бастамасы бүгінгі таңда кең өріс алып келеді. Әрине, Президентіміздің бұл идеясы халықты бір арнаға біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш ретінде адымдап қадам басуға жетелейтіні сөзсіз.Зерделеген жанға жалпы қоғам мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа жүйесі қалыптасуда.

Жалпылай айтсақ, Мемлекет басшысының қолға алып отырған саяси модернизациясы-«Әділетті Жаңа Қазақстанның» негізін қалауда. Бұл тұрғыдан ой жүйелер болсам, саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша жасақтаудың тың тәсілдері іске қосылды.

Наурызда өтетін сайлаудың бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден,сайлауға Мемлекет басшысының саяси партияларға электоралдық науқанға дайындалу үшін біршама уақыт берілді. Екіншіден, саяси партиялар қатары көбейді. Ол өз кезегінде саяси партиялар арасындағы саяси бәсекені күшейтпек. Ендігі кезекте партиялар өз жақтастарын көбейту үшін әділ бәсекеге түседі. Бәсекеден жеңіп шыққан мықты саяси партиялар ғана Мәжіліс  пен мәслихаттан орын алады.Бұл өз кезегінде елдегі күшті саяси партиялардың саяси сахнадан орын алуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, биылғы сайлауда аралас сайлау жүйесі қолданылмақ. Депутаттар пропорцианалдық және мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы сайланбақ. Бұл да өз кезегінде аймақтарда мықты саяси лидерлердің саяси аренаға шығуына мүмкіндік береді.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым, саяси өмірімізде көптеген жаңалықтар болып жатыр. Оның барлығының түпкі мақсаты-  Президентіміз атап өткендей  «Әділетті Жаңа Қазақстан» қоғамын құру болып табылады.

            Марат НОҒАЙБАЙ, Балқаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі