ТАРТЫСТЫ ОЙЫН ӨРНЕГІН КӨРСЕТТІ


e459d493-62e8-4f7c-b3a4-8441e55ddd4b.jpg

Өткен аптада аудан орталығындағы денешынықтыру және спорт кешенінде аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен волейбол спортынан ересектер арасында аудандық біріншілік болып өтті.

Спорттық жарыста өнер көрсеткен аудан көлеміндегі ауылдық округтерден келген командалар өзара бақ сынасып, жүлделі орындарды бөліске салды. Жүлдеден үміттенген спортшылар ойын алаңында еркін көсіліп, өз командаларының намысын қорғап, ала допты алақандарында ұршықтай иіріп, жарыстың көрігін қыздыра түсті.

Қорытындылай келгенде І-ші орынды Бура командасы жеңіп алды. Ал ІІ-ші орын Бірлік командасының ойыншыларына бұйырса, жүлделі  ІІІ-ші орынды көкталдық спортшылар місе тұтты. 

Тартысты өткен спорттық шараның жабылу салтанатында аудан көлеміндегі бақ сынаған 18 командалар арасынан үздік танылған спортшыларға, жарыстың демеушісі «Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры Алмас Қыстаубаев арнайы дайындаған ақшалай сый-сияпатын табыстады.

Осылайша аудандық біріншілікте бақ сынаған волейболшылар арасында өткізілген жарыс өз мәресіне жетті.

                                                                                                       Күмісбек ЕРБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік аясын кеңейту
  • Президент особо отметил успешное председательство Кыргызстана в Шанхайской организации сотрудничеств
  • Президент Қырғызстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық еткенін айрықша атап өтті
  • Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в заседании Совета глав государств – членов Шанхайской
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отыр