Еліміздегі ең қарт адам

104 2же.jpeg

Қазақстандағы ең қарт адам, 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Бір ғасырдан асқан әжей сайлауда дауыс берді.

Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан жасы шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы.
«Балаларым, сендер аман болыңдар. Біз асарымызды алмадық, жасарымызды жасадық. Бар ұрпаққа менің жасымды берсін», – деп Нұржамал апа батасын берді.

Нұржамал әжейдің төрт баласынан 15 немересі, 12 шөбересі, 5 шөпшегі бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • - На экспертной платформе в Астане обсудили роль партий в новой электоральной реальности
  • - Эксперты: политические партии становятся ключевым звеном между обществом и государством
  • - Эксперты обсудили правовые гарантии и политическую трансформация пред выборами в Курултай
  • - Курултай и новая Конституция: в Астане прошла экспертная встреча
  • - Эксперты: выборы в Курултай закрепят новую политическую модель