Қарақат Әбден: патронаждық қызметті қолдау үшін нақты шаралар қабылдану керек

a402d86b-fb31-4b08-9d4b-ccf6f4d7c094.jpg

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Бүгін ол Тараз қаласының сайлаушыларымен кездесті.

Үйде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап жетілдірілген моделі аясында кандидат патронаждық медбикелермен бірге жүкті әйелдердің отбасыларына барды. «Жанұя» емханасының бас медбикесі Сәуле Калетаева атап өткендей, патронаждық қызметтің бұл моделі ана мен бала денсаулығын бақылауға алып, зиянды факторлардың алдын алуды көздейді. Жүкті және босанған әйелдердің үйлерін аралап, әлеуметтік қызмет көрсету – өзінің нәтижелілігін дәлелдеген маңызды бағыт. Сондай-ақ кездесу барысында патронаждық қызметкерлер бұл салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі жайлы сөз қозғады.

Қарақат Әбденнің пікірінше, әлеуметтік маңызы зор патронаждық қызметке қолдау көрсету қажет.

«Ана мен бала денсаулығы – ұлт байлығы. Жүкті әйелдердің денсаулығына зиян келтіретін жағымсыз факторларды болдырмау керек. Статистикаға сүйенсек, жағдайдың қиын екендігін аңғаруға болады. Қазіргі кезде аутизммен ауыратын балалардың саны 20 есе өскен, орфанды және ауыр науқасқа шалдыққан балалар көп. Сондықтан бастапқы кезеңдерден бастап профилактикалық жұмыс жүргізіп, күрделі мәселелердің алдын алу қажет. Осы орайда патронаждық қызметтің маңызы зор, патронаждық қызметкерлердің еңбегі сұранысқа ие. Алайда біздің қоғам патронаждық медбикелерді күтуші немесе қараушы ретінде қабылдайды. Шын мәнінде, патронаждық медбикежоғары білікті маман және қоғам мен мемлекеттің оларға деген көзқарасы да басқаша болғаны абзал. Патронаждық қызметті қолдау үшін нақты шаралар қабылданып, оның мәртебесін арттыру мақсатында халық арасында ақпараттық-идеологиялық жұмыс жүргізу керек», - сказала кандидат.

 

         Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 облыста 40-дан астам кездесу өткізді.

 

 

Сұрақтар:

Еламан Төлепберген +7 701 820 9790

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр