ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


1b9c5565-35cf-42ff-a649-c6da8eb7e417.jpg

Бұл туралы Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында белгілі болды. ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады. Дөңгелек үстел барысында өзекті тақырып бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша еліміз әлемде алғашқы үштікке кіреді.

«Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндай қайғылы көрсеткіштер бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондықтан бүгінгі жиында «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсындым. Ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған сұрақ тыңдалуы тиіс», - деп жеткізді Қ. Әбден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Синтез традиций и цифры: Алматинская область масштабно отпраздновала Наурыз
  • Робот-кокпар и доставка баурсаков дронами: как цифровой Наурыз удивил казахстанцев
  • Миллионы поздравлений и тысячи онлайн-ивентов: в Казахстане подвели итоги «Digital Nauryz»
  • Новая модель празднования Наурыза: синтез традиций и технологий
  • Наурыз тойының жаңа моделі: дәстүр мен технология синтезі