Мемлекет басшысының Жолдауындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі негізгі шаралар


 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында халықты әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды.

Жолдауда зейнетақы жүйесін жетілдіру және отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шараларын күйшейтуге бағытталған бірқаттар мақсаттар айқындалып, оны іске асыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Қазіргі таңда әйелдердің ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыру 2028 жылға дейін тоқтатылып 61 жас деңгейінде қалдырылды, яғни 2023 жылдың 1 қаңтарын бастап әйелдер 61 жасқа толғанда зейнетерлікке шығады. Әлеуметтік салада атқарлып жатқан ауқымды жұмыстарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасы шеңберінде базалық зейнетақы мөлшерін арттыру және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделетін болады.

Негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%- ға өсіруге (3 жылдың ішінде 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%- ынан 70%- ға дейін, ең жоғарғысы – тиісінше 100%- дан 120%- ға дейін өсіріледі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшерін орташа айлық табыстың 45% - ына дейін арттыруды тапсырды.

Әлеуметтік кодекс жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылады. Бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей-ақ көмек көрсетуді көздейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендете отырып, қызметті жеделдетуге және тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

А. Нарматов,

еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр