Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз? Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыр

image-11-03-22-09-47.jpeg


Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз? Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. ????Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы элекронды талон алыңыз; ????Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз; ????Құжаттандыру секторына өтіңіз; ????Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді; ????Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз. ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі. ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға беріледі. 16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті ✅Төленетін баж алымы: Паспорт – 8 АЕК Жеке куәлік – 0,2 АЕК ✅ Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады ❗Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады. 1 жұмыс күні - 4983 тг 3 жұмыс күні - 2752 тг 7 жұмыс күні - 1 116 тенге ❗ Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектігін ескертеміз

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келе
  • Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем
  • Президент: «Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стр
  • Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
  • Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»