Қымбатты әріптестер!

Қымбатты әріптестер!

Жаңа жылдың басы барлығымызға ауыр тиді. Заңды талаптар қойған тұрғындардың бейбіт шеруін экстремистік топтар іліп әкетіп, тәртіпсіздікке ұласқан бүлікшілердің әрекеті Қазақстанның барлық өңіріне дерлік зардабын тигізді. Мен барлық әріптесіме арам ойға жол бермей, арандатушылыққа көнбей, азаматтық ұстанымының берік болғанына ризамын. Көпшілігіңіз ең қиын сәттерде жұмыс қасынан табылып, қызметтеріңізді жалғастырдыңыз. Сондай-ақ жалақыны арттыру қажеттігі туралы қызметкерлердің жолдаған ашықхаттары Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ Цифрлық даму және инновациялар министрлігі басшылығының назарына жеткенін айтқым келеді. Бұл мәселенің бірден шешімі табылмайтыны анық. Бұл бағытта алда атқаратын жұмысымыздың салмағы мен маңызы зор. Біз бәріміз – теңдей құқығы бар бір ұйымның қызметкеріміз. Сондықтан проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек. «Жоғарыдан төменге» біржақты тәсілінен еш нәтиже шықпады. Мұны ашық мойындау керек. Сондықтан елордаға әр өңірден, әр бағытты – фронт-офис, әлеуметтік блок, жер кадастры, тіркеу блогы, әкімшілік бағытын қамтитын, ұжымның 5 беделді және сенімді өкілін шақырамын. Басшылық тараптан ешкімнің кандидатурасы алдын ала белгіленіп берілмеуі тиіс, өкілдерді жұмысшылардың өздері таңдайды. Бәріміз бірге ақылдаса отырып, қызметкерлеріміздің материалдық қамсыздандырылуын қалай жақсартуға болатынын шешіп, нақты іс-қимыл жоспарын құрамыз. Менің ойымша, бұл – сенімді жалғыз әдіс. Екі апта ішінде жіберетін өкілдеріңіз туралы шешім қабылдауыңызды сұраймын, одан кейін барлығын елордаға кезедесуге шақырамын. Филиал басшыларына барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтауды тапсырамын. #Күшімізбен бірлікте Зор құрметпен, басқарма төрағасы Әділ Қожықов

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр