Үйден шықпай ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

Үйден шықпай ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

Біз кез келген анықтама құжатын аларда өз қолымызды қоямыз. Электронды құжат алу үшін де оның заңды екенін растау үшін қол қойылады. Сол себепті де біз ЭЦҚ-ны пайдаланамыз. ЭЦҚ өз иесі жайлы толық ақпарат сақталатын бірнеше символдар жүйесін құрайды. Бұл дегеніміз сізге қажетті құжаттың заңды түрде бұрмаланбайтындығын, өзгеріске ұшырамайтындығын растайды. Аталмыш сандық кодты сіз жеке компьютеріңізде, флеш-дискіде және жеке куәлікте сақтауыңызға болады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін сізге: Веб-камерасы және интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер; Жеке куәлік (түпнұсқа, фотосурет немесе скан-нұсқасы); Ұялы телефон керек ЭЦҚ ашу бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен, сіздің жұмысыңызды жеңілдететін NCALayer бағдарламасын жүктеп алу керек. 1. www.pki.gov.kz сайтынан NCALayer бағдарламасын жүктеу       Бағдарлама жүктелгенде «Келесі» батырмасын басып, компьютеріңізге орнатыңыз. NCALayer бағдарламасын іске қосар кезде қауіпсіздік жүйесі туралы ескерту шығады, бұл жағдайда «Иә» батырмасын басыңыз. 2. Келесі қадам egov.kz сайтына кіріп, «Сервистер» бөлімінен «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» қызметін таңдайсыз.            3. Ары қарай «Онлайн сұрау» батырмасы                                                                                                                                  4. Сайт сіздің компьютеріңізде веб-камера орнатылғандығын тексереді. Ары қарай ЖСН еңгізуіңіз керек                       5. Келесі қадамға өту барысында сізге «ЖСН мобильдік азаматтар деректер қорында тіркелмеген» деген хабарлама шықса, виртуалдық көмекші қызметін пайдаланып, видео-қоңырау шалу керек   6. Операторға жеке куәлікті көрсетіңіз, ЖСН, телефон нөміріңіз бен SMS кодты айтыңыз. Оператор нөмірді тіркегеннен кейін браузердегі сайт бетін жаңартыңыз. 1414 нөмірінен келген арнайы кодты тересіз. 7. «Сайтқа тіркелу», одан кейін «Digital ID» батырмасына басасыз. Кейін сіздің компьютеріңізде арнайы камера қосылады. Камера арқылы суретке түсіріп, оны жібересіз. 8. Сізге 4 таңбалы PIN-код жазуды сұрайды. Өзіңіз қалаған PIN-кодты енгізесіз.                                                                    9. Жеке куәлігіңіздің суретін жолдап, жеке кабинетке кіре аласыз                                                                                                  10. Өзіңіз енгізген 4 таңбалы PIN-кодты қайта теріп, «Ұлттық куәландыру орталығынан» рұқсатқа келісім беру керек. Ары қай сіз жайлы толық ақпарат шығады. Содан кейін электронды поштаңызды енгізесіз. Алатын кілтті сақтау орнын таңдау керек. Дербес компьютерді таңдап, өзіңіз қалаған жерге сақтасаңыз болады.                                    11. Жаңа пароль енгізіп, «Сертификатты жүктеу» батырмасын басасыз  ЭЦҚ кілттерінің дайын және қолдануға болатындығы жайлы ақпарат шығады. Нәтижесінде сіз компьютерге 2 файл жүктейсіз: Egov.kz сайтына кіру үшін «AUTH» атауымен жазылған файл қолданылады «RSA» әріптерімен басталатын файл - бұл сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыз, egov.kz сайтында қол қою үшін пайдаласыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр