Жүргізуші куәлігін алудың 5 қадамы

Жүргізуші куәлігін алудың 5 қадамы Егер сіз жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше қадамдарды білгеніңіз абзал. Қиын ештеңе жоқ. Төмендегі бастапқы жүргізуші куәлігін алу бойынша қадамдық нұсқауларды оқыңыз. 1-қадам Білім алу үшін жақсы оқу курсын таңдаңыз. Жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше де меңгеруге болады. Бірақ көлікті жүргізу сабақтарын міндетті түрде нұсқаушымен өтіңіз. 2-қадам Құжаттар жинау. Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі меданықтама, автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 АЕК құрайды. 3-қадам Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханды сәтті өткеніңіз. 4-қадам Автодромда практикалық емтихан өту. Мұнда арнайы көлікпен 12 жаттығуды орындауға 20 минут уақыт беріледі. 5-қадам Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан