ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР 

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Балқаш өңірі». 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүгінгі күннің тақырыбындағы ең өзекті мәселенің бірі, бір өкініштісі-біздің елімізде де белең алған сыбайлас жемқорлық бүгінгі күні түп-тамырымен жойылмай тұр. 

Осы орайда, жемқорлықтың адамдардың бойына ене отырып, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетпеуі үшін бар күш-жүгерімізді салуымыз аса маңызды.  

Сыбайлас жемқорлықтың дендеуіне жол беру, пара беру мен пара алу – тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежей отырып, әлемде дамыған 30 елдің қатарына қосылу жоспарын баяулататыны анық. Осы орайда, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қоғамымыздағы бұл дертті түбегейлі жою, жемқорлықтың түп-тамырына балта шабу және сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту мақсатында егемен елімізде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шаралар легі толассыз. Мұндағы мемлекет алдындағы басты мақсат-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғам індетіне тамыр жайдырмауымыз қажет.  

Соған сәйкес, қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында еліміздің дамуы үшін қабылданған маңызды мемлекеттік құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан да айрықша назар аударылып келеді. Өйткені, еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығы-аталған бағыттағы жүйелі жұмыстарға байланысты болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қоса пара алу мен пара беру жағдайларының орын алуын азайтуды көздеп, бұл дертпен күрес мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-еліміздің стартегиялық дамуындағы басым бағыты.

2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі-елімізде, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірбиесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. 

Соның нәтижесінде, яғни мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықты азайты және халықтың билік органдарына деген сенімімін арттыру мақсатында облыс орталығы Талдықорған қаласында  құрылған «Жетісу-адалдық жобасы» да бүгінгі күні өз жемісін беріп отыр деуге толық негіз бар. Аталған шараның аясында облыс көлеміндегі аудандарда да сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Сонымен қоса, ауданымыздағы білім ошақтарында  «Адал ұрпақ» жобасы қолға алынып, еліміздің болашағы-жастармен жарқын болғандықтан, мектеп оқушыларының бойына жастайынан Отаншылдықтың, патриоттықтың нәрін сеуіп,  келешекте елінің дамуы жолында адал қызмет атқаратын ұрпақ тәрбиелеу көзделген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларында жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белігілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Міне, сондықтан да жемқорлықпен күресте ең алдымен, адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін оятудың маңызы зор.  Осы мақсаттағы, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады дейтін болсақ, ал облыс көлемінде бүгінге күнге дейін атқарылып жатқан жемқорлыққа қарсы күрес шаралары өз жемісін беруде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр