«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деген қанатты сөз халқымызда тегіннен-тегін айтылмаған ғой. Бәрін айт та, бірін айт «қыз» деген сөздің өзі де әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады емес пе?! Қыз баланы әсем гүлге теңеп, көркіне ақылы сай ару-ол ертеңгі күні еліміздің болашақ ұрпағын тәбиелейтін аяулы ана, отбасының ұйытқысына айналатын адал жар. «Қыз бала-қонақ» деп, халқымызда қыздардың тәрбиесі мен әдептілігіне айрықша көңіл бөліп, олардың ізетті, инабатты, ақылына көркі сай етіп тәрбиелеу-қазақ халқының аса қастерлейтін қасиеттерінің бірі. Қазақ қызының бойындағы қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің-30 жылдығына орай, аудандық «Балқаш аруы-2021» сайысы болып өттті. Аталмыш байқауда аудан көлемінде ақылына көркі сай 16-23 жас аралығындағы арулар сынға түсіп, өзара бақ сынады. Байқауды қорытындылай келгенде, өзінің сан қырлы өнерімен ерекше көзге түсіп, байқаудың барлық сынынан сүрінбей өткен көкталдық-17 жасар Дастан Жанерке «Балқаш аруы-2021» атағын жеңіп алды. Ал І-ші орын берекелік ару - Нұрахан Айғанымға бұйырды. ІІ-ші орынға Қарой ауылының намысын қорғаған Әділқайыр Альмира лайықты деп танылса, ІІІ-ші орынды Ақдала ауылының аруы Ерланбек Әсем иеленді. Байқауға қатысқан үміт-керлер арнайы Алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ризана ӘШЕМБЕКОВА, Ақдала ауылдық Мәдениет үйінің директоры.