ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫН ТӘРБИЕЛЕУ-ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫН ТӘРБИЕЛЕУ-ҰСТАЗДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

Снимок.JPGПСО.JPG

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақсатан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін  ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Міне, биыл елімізде тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқанына-30 жыл толғалы отыр. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және экономикамыздың  жедел қарқынмен даму –қазіргі  таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке  зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тәуелсіздік-бәрінен қымбат асылымыз болса, ал тәуелсіздіктің көк туы орнаған күн-бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. 
Осы орайда тәуелсіз елімізде өнегелі әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың рөлі айрықша. Болашағымыздың кепілі саналатын-өскелең ұрпақ, жастардың сапалы білім және саналы тәрбиемен өсіп-өніп, ел тұтқасын ұстайтын азамат болып қалыптасуы жолында білім беруді-ұстаздар қауымы қашанда өз парызы санайды. 
Балалардың білімге деген құлшынысын арттыруда аянбай еңбек етудеміз. Тәуелсіз елдің тірегі болатын болашақ ұрпақты тәрбиелеуде-осы бастауыш сыныптың баспалдақ болары анық. Мектебімізде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқушыларға тәуелсіздік қандай жолмен келгенін түсіндіріп, тәуелсіздіктің ең асыл қазынамыз екендігін жіті насихаттау үстіндеміз.  

Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.


Алмагүл АБДРАХМАНОВА, Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебінің 3-ші сынып мұғалімі. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР