Алматы облысында алғаш рет "галстуксыз кездесу" өтті

Мемлекеттің ішкі жүйесі мен қоғамның қарым-қатынасын бұзушы құрал- сыбайлас жемқорлық.

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қашанда өзекті. Тұтас елдің ертеңіне көлеңке түсіретін,  "бармақ басты, көз қысты" әрекеттің алдын алу баршаға ортақ міндет.

Иә, дәл осылай жарыса айтқанымен нәтиже шамалы. Ресми жиын, жаттанды сөз, жалаң ұран таза қоғамды қалыптастыруда  пайдасы аз, тиімсіз механизім болғаны қашан. Бүгін жетісулық атқа мінерлер дәл осы олқылықтың орнын толтырды. Олар ашық алаңда ойларын ортаға салды. Сондықтанда кездесудің атауы "галстуксыз" деп аталды.

Еркін форматта өткізілген отырысқа БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және т.б сала мамандары қатысты. Түйіткілді мәселенің түйінін тарқату да басты сөз Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев пен облыстық "Жетісу" телеарнасының директорының орынбасары Досан Қызайбекұлында болды.

 Кездесуде алғаш болып сөз алып, модератор қызметін атқарған Жандос Сағындықұлы «тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының   тәмсілін басшылыққа алды.

"Бүгінгі кездесудің тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа арналып отыр. Біз қандай да бір ақпаратты халыққа әрі қарай жеткізу және қатысушылардан тиісті кері байланыс, ұсыныстар алу мәселелеріне көңіл бөлдік. Аталмыш жиыннан жақсы нәтиже болады деп үміттенемін, болашақта бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Жандос Жұмабаев.  

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы облыста ағымдағы жылдың 8 айында 87 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін, 68 факт сыбайлас жемқорлық болып табылатынын хабарлады. Көпшілігімізде пара беру және пара алу басым, 154 адам жауапкершілікке тартылды, олардың 69-ы сотталды. Көпшілік сот шешімі бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Келтірілген залал шамамен 2 млрд теңгеге жетіп, 99% - ға мемлекетке қайтарылды.

Ашық әңгімені "Жетісу" телеарнасы директорының орынбасары Досан Атантелов жалғастырды.

 Жиынға қатысушылар мұндай іс-шаралар мен кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ бұл болашақта құқықтық мәдениеттегі өзгерістерге бейімделуге әкеледі деген пікірге келді.

 Өз ұсыныстары мен ескертулерін айту мүмкіндігін басқа да мемлекеттік қызметшілер пайдаланды. Жалпы, нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіре отырып, олар комплаенс-офицерлердің ортақ пулын құру туралы мәселелерді көтерді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр