Талдықорған қаласының облыс орталығы боп көшірілгеніне 20 жыл толуына орай, шаһарда жүзуден қалалық турнир өтті. Жарысқа 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Додада облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасындағы балалар бақ сынасты.
«Бұл жарысқа осы бассейн ашылғалы бері қатысып жатқан кішкентай жасөспірім қыздар мен балалар бақтарын сынап, жетістікке жетіп жатыр. Осы жарыстан шыққан спортшыларымыз енді облыстық жарыстарға қатысатын болады.» - деді, Алматы облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
Жас спортшылар 50 метрге, 100 метрге еркін әдіспен жүзуден бақ сынасты. Дода нәтижесінде қыздар арасында 50 метрге еркін жүзуден 1-ші орынды Тоқтархан Дария, Елемес Саида, Айнабекова Аяжан иеленді. Ал, ұлдар арасында 50 метрге жүзіп, Амантай Жәңгірхан, Поддубный Богдан, Тұрғанов Шыңғыс 1 орынға ие болды. 100 метр еркін жүзіп, Сламғазы Аруна мен Ерсін Амантайұлы1-ші орынды қанжығаларына еншіледі.
«Мен осы спортта 4 жыл жүрмін. Бүгін мен бұл жарыста бірінші орын алдым. Және бұл мені баптаған жаттықтырушымның еңбегі деп білемін. Енді ертең Ақтөбе қаласында өтетін республикалық чемпионтқа қатысатын боламыз деді.»,- деді Аруна Сламғазы.
Жарыс соңында жеңімпаздарды Алматы облысының әкімі Арслан Дәндібаев құттықтап, медаль, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады. Қатысушылардың дені үшін бұл турнир алғашқы үлкен жарыс. Алайда, жасөспірімдердің бұл спорт түріне жақсы дайындалғаны байқалып тұрды. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, шара ауқымы кеңейе түспек.