САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ҰРПАҒЫМЫЗ

i.jpg


Спорт күні - Қазақстан Республи-касының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазіргі уақытта да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тарапынан да еліміздегі спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие болып отырғаны ақиқат. Егемен елімізде Тәуелсіздік алған 30 жыл уақыт шеңберінде спорттың дамуына, спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде.

Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі.

Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда қаншалықты маңызды рөл атқаратынын білеміз.

Біздің ата-бабаларымыз “Денсаулық – ең басты байлық” деп бекерге айтпаса керек-ті. Бұл қазіргі технологиялық даму кезеңінде де өзінің маңыздылығын жойған емес. Біз, қазақтар ежелден бері басқа халықтарға қарағанда жерге, далаға, таза ауаға жақын болып өскен халықпыз. Ғалымдар осылардың адамның денсаулығына қаншалықты күш-қуат беретінін бұрыннан дәлелдеп келеді. Біз осындай жерді қадір тұтатын, саламатты өмір салтын ұстанған халықтың ұрпағымыз.

Адамды бала кезінен бастап дене тәрбиесіне баулу үшін оның спортпен айналысуына қолда бар жағдайдың бәрін жасау керекпіз. Осы орайда, біздің бақ дарыған Балқаш өңірінде де спорттың қарқынды дамып жатқанын аңғаруға болады. Бұған жас спортшыларымыздың күн санап, облыстық, республикалық чемпионаттардан жүлделі оралуы айқын дәлел. Ал осы спортшыларымыздың жетістікке жетуіне ықпал етіп жатқан ол-жаттықтырушылары екені сөзсіз. Жаттықтырушылар мен спортшылардың күн-түн демей жаттығуының нәтижесінде балқаштық спортшылар аудан мәртебесін асқақтатуда.

Осы ретте, ауданымыздағы спорт саласының дамуына үлес қосып келе жатқан барлық қызметкерлер мен спортшыларды мерекелерімен құттықтаймыз.

Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр