Жемқорлық-ғасыр індеті
Елбасы Н.Назарбаев «Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет» деп атап өткендей, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен оның алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай бізде де жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар аудан бойынша жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының алға қойған мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және рухани адамгершілікке бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдету.
Әсіресе, өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан ада болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды болып табылады.
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі.