Алматы облысында 235 кандидат ресми тіркелді

Алматы облысында 235 кандидат ресми тіркелді

Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау күні жетті. Бүгін Алматы облысында саяси бәсеке өз бастауын алды. Сонымен, Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім тағайындалатын болады. 

Әуелде, саяси додада бақ сынаушылардың саны 279 болса, қазіргі таңда 235-ті құрап отыр. 44 үміткер түрлі себептермен кандидаттар қатарынан  алынып қалды. Сайлауға түсішілердің 82 үміткер  саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады. 

 «Бұған дейін, Іле ауданы Чапаев ауылында 9 кандидат тіркелді деп айтылған болатын. Бүгінде ресми деректер, аталған өңірде 5 үміткер қалғанын растауда. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ ретінде Талғар ауданы танылып отыр. Мұнда бір орынға 6 адамнан айналуда»,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық. 

Айта кетейік, Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тарихи сәтте өңірдің 220 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады деп күтілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Топар ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» аясында «Ата Заң және ауыл болашағы» тақырыбында ақпараттық
  • Казахстанцы позитивно оценивают качество своей жизни – результаты соцопроса
  • Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
  • Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі