НҰРҒАЛИ БАЗАРБЕКҰЛЫ МУСАЕВ
ӨМІРБАЯНЫ
Нұрғали Базарбекұлы Мусаев - 17.08.1982 жылы Бақанас ауылында туылды. 1989-2000 ж.ж Бақанас орта мектебін тәмамдады. 2000 жылы Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына стандарттау және сертификаттау мамандығына түсіп, 2005 жылы атаулы мамандық иесі атанды. 2006-2007 ж.ж «Жайлаубек» жеке кәсіпкерлігінде бас маман, 2007-2009 ж.ж Балқаш аудандық әділет басқармасында жылжымайтың мүлікті мемлекеттік тіркеу инспекторы қызметін атқарды. 2007-2009 ж.ж аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлы Университетіне заң тану мамандығына сырттай оқу бөліміне түсіп, аяқтады. 2009-2010 ж.ж Балқаш аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Отбасылы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Миялы ауылында шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасау;
Аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету;
Миялы ауылдың көркеюіне және экологиялық мәселелерге,
егістік жерлерді дұрыс пайдалану бағытында жұмыс жүргізу;
Салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени шараларға атсалысу,
ауыл жастарын спортқа тарту;
Миялы ауылдық округінде жаңа жұмыс орнын ашу үшін халыққа
несие алуға қол ұшын созу, жеке ісің ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы
кәсіпкерлікті ынталандыру және экономикалық белсенділікті арттыру;
Ауылда жастар саясатын дамыту, жастар ұйымын құру, ауылға жастардың келуін,
олардық бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету, жас мамандарды ауылға тарту;